Пайдаланушының басшылығы Клиент 0 нұсқасы бта-online заңды тұЛҒаларға арналған интернет-банкинг жүйесі мазмұны


Бұрын құрылған құжаттарды көшіру арқылы құжаттар құру



бет2/3
Дата11.07.2016
өлшемі372.36 Kb.
#190601
1   2   3

4.4. Бұрын құрылған құжаттарды көшіру арқылы құжаттар құру

Назар аударыңыз!

Егер сіз жүйеде 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған құжатты көшірген жағдайда, ЖСН/БСН өрісіндегі мәнді өзгертуді ұмытпаңыз (жіберуші, бенефициар), себебі бұл өрісте көшіргеннен кейін оның атауына қарамастан СТТН мәні қалды.
Құжаттар-төлемдер мұрағатына кіріңіз.

Төлемдерді іздеуге арналған нысан ашылады.

Іздеуді орындаңыз.



Әрі қарай оны сол жағынан «белгімен» белгілеу арқылы көшіруге арналған төлемді таңдаңыз және «Көшіру» басқышын басыңыз.




Егер төлемді алдын-ала қарастыру қажет болса, «Соманы» басыңыз және қарап болғаннан соң «Көшіру» басқышын басыңыз.


Жүйе көшірудің сәтті түрде жүзеге асқандығын хабарлайды.

Көшіруден кейін құжат «Төлемдер» нысанына ауыстырылады.




Төлем сомасының үстінен басыңыз, оны редакциялаңыз және сақтаңыз

Бұдан әрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) және «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан әрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап және тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді.


Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.


4.5. Қалып бойынша нысаны арқылы құжаттар құру

Құжатқа арналған қалыпты алдын-ала құру қажет (1.1.-т. Жүйеде қалып құруды қараңыз)


Құжат құру үшін «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.



«Төлемдер» нысанын басыңыз.

Әрі қарай «Құру» басқышын басыңыз.



Төлем құруға арналған нысан ашылады. Қалып бойынша төлем құрыңыз: қалыптың кодын көрсетіңіз және іздестіру лупасын басыңыз.




Қалыптан алынған деректер төлем тапсырмасының өрістерін толтырады

Қалған өрістерді толтыру және құжатты сақтау керек.


Бұдан әрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу керек. Құжатты таңдаңыз (қасына белгі қойыңыз) және «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Бұдан әрі құжаттың сомасын басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басу арқылы құжатты қарастыруға; құжатты таңдап және тиісті басқышты басу арқылы құжатты алып жоюға немесе авторлау журналын қарастыруға болады. Авторлау журналы құжаттарды авторлау саясатымен танысуға (қажетті ЭСҚ тізімі мен саны), құжаттың бланкісін қарауға мүмкіндік береді.
Құжатты авторлауға жібергеннен кейін ол «Авторлау» қосымша парағына өтеді.




5. Зейнеткерлік, әлеуметтік, жалақылық төлемдер реестрін құру (ККБ)

Реестрлері бар төлемдер үшін «Құжаттар» қосымша бетке кіріңіз. «Зейнеткерлік, әлеуметтік, жалақылық реестрлер (ККБ)» қосымша бетін басыңыз.




«Зейнеткерлік, әлеуметтік, жалақылық реестрлер (ККБ)» қосымша бетінде зейнеткерлік, әлеуметтік немесе жалақылық реестрлерді құруға болады. Реестр түрін таңдаңыз: «Міндетті зейнеткерлік», «Ерікті зейнеткерлік», «Әлеуметтік» немесе «Жалақылық».


«Міндетті зейнеткерлік» реестрінің құрылуын қарастырайық. Зейнеткерлік және әлеуметтік реестрлер бойынша бенефициар деректері автоматты түрде толтырылады, реестрдің атауын, ТТК және кезеңді көрсету қажет. Реестр кезеңі көрсетілетін жол (нысанның жоғарғы бөлігі) қызметкерлер тізіміндегі кезеңге қарағанда, жоғары артықшылыққа ие. Егер реестр кезеңі белгіленсе, қызметкерлер тізіміндегі жол жасырылады.

Одан әрі «Қызметкерлер тізімі» нысанында салымшының деректерін толтыру қажет. Зейнеткерлік (әлеуметтік) реестрлерді құрған кезде қызметкерді іздеу барлық қолданыстағы реестрлерде ЖСН бойынша жүзеге асырылады. Қызметкер бойынша деректерді толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз.


Қызметкерлерді қосу «Қосу» батсырмасы арқылы орындалады. Қызметкерлер арасына ауысу нысанның төменгі бөлігіндегі «Қызметкерлер тізімі» батырмасы арқылы жүзеге асырылады.


Барлық деректерді толтырған соң нысанның жоғарғы бөлігіндегі «Сақтау» батырмасын басу қажет.


Сақталған реестр «Зейнеткерлік, әлеуметтік, жалақылық реестрлер (ККБ)» қосымша бетінде көрсетіледі.



Одан әрі қажетті реестрді белгілеп, «Төлемді құру» батырмасын басу қажет. Осы кезеңде төлемнің тағайындалуын толтыру ұсынылады, қажет жағдайда, төлем деректерін өзгертуге болады және «Құру» батырмасын басу қажет.

Құрылған төлем тапсырмасы «Құжаттар/Төлемдер» қосымша бетінде сақталады. Одан әрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу қажет. Құжатты таңдап (жанына белгі қойып), «Авторлауға жіберу» батырмасын қолданыңыз. Бұл ретте құжат сомасына сілтемені басу арқылы құжатты өзгертуге; шот сілтемесін басып, құжатты көруге; қажет құжатты таңдау және тиісті батырманы басу арқылы құжатты жоюға немесе авторлау журналын қарауға болады.




Құжатты авторлауға жіберген соң, ол «Авторлау» қосымша бетіне өтеді.

Жалақылық реестрді құру үшін «Жалақылық» қосымша бетін басу қажет.


Бенефициар ретінде карточка ұстаушылары (дербес шот иелері) қызметкерлер болып табылатын банк әрекет етуі тиіс. Жалақылық реестрді құру үшін бенефициарды «Анықтамалар/Бенефициарлар» қосымша бетінде алдын ала сақтау қажет. Шоттың қажетті нөмірін енгізіп, батырмасын басқан соң жүйе бенефициардың деректерін анықтамадан автоматты түрде толтырады.



Одан әрі «Қызметкерлер тізімі» нысанында жалақы есептелетін қызметкерлер бойынша деректерді толтыру қажет. Жалақылық реестрді құрғаннан кейін қызметкерді іздеу барлық қолданыстағы реестрлерде шот нөмірі бойынша жүзеге асырылады. Қызметкерлердің деректерін толтырған соң «Сақтау» батырмасын басу қажет.



Барлық деректерді толтырған соң нысанның жоғарғы бөлігіндегі «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Сақталған реестр «Зейнеткерлік, әлеуметтік, жалақылық реестрлер (ККБ)» қосымша бетінде көрсетіледі. Одан әрі қажетті реестрді белгілеп, «Төлемді құру» батырмасын басу қажет.

Осы кезеңде төлемнің тағайындалуын толтыру ұсынылады, қажет жағдайда, төлем деректерін өзгертуге болады және «Құру» батырмасын басу қажет. ККБ пайдасына жалақы төлемдері үшін «Комиссия» жолында банк комиссиясы көрсетіледі.

Құрылған төлем тапсырмасы «Құжаттар/Төлемдер» қосымша бетінде сақталады. Одан әрі құжатты авторлауға (қол қоюға) жіберу қажет. Құжатты таңдап (жанына белгі қойып), «Авторлауға жіберу» батырмасын қолданыңыз

Құжатты авторлауға жіберген соң, ол «Авторлау» қосымша бетіне өтеді.



6. Құжаттарды авторлау

БТА-Оnline жүйесінде құжаттарды авторлау пайдаланушылармен қол қою құқықтарымен (қол қоюшылар) жүзеге асырылады: ұйымдарда бұл әдетте компания президенттері, бас директорлар, қаржы директорлары және т.б. құжаттарды авторлау – жүйемен жұмыстың соңғы сатысы, одан кейін құжат автоматты түрде банкке жіберіледі. Құжатты өңдеу процесінде оның жағдайы ауысады (Жіберуді күту, Жеткізілді; Жүргізілді).


Құрылған құжатты авторлау процесін бастау үшін басты нысандағы «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз.


«Авторлау» нысанын басыңыз.

Қол қоюды талап ететін құжаттар тізімі пайда болады, оны қажетті параметрлер қою арқылы сұрыптауға болады.
***Назар аударыңыз! Signatures сұрыптау параметрін таңдаған жағдайда, жүйе қол қоюдың көпдеңгейлі жүйесі жағдайында құжаттарға қол қою процедурасын қарапайымдыландыруға мүмкіндік береді, мысалы: алғашқы қол қою құқығына ие пайдаланушы екінші қол қою пайдаланушысымен қол қойылған құжаттарды сұрыптай алады.




Редакциялау үшін – құжатты орын алған қателерді түзеу үшін кері қарай құжатты құрастырушыға жібереді. Одан кейін ол құжатты қайтадан қол қоюға жібере алады.
Жою – құжатты жүйеден жояды.
Барлығын авторлау – құжаттар саны көп болған жағдайда, барлық құжатты бірден авторлауға мүмкіндік береді.
Құжатты авторлау (қол қою) үшін оны таңдаңыз (белгі қойыңыз) және «Авторлау» басқышын басыңыз. Сонымен қатар «Төлемдерді қарастыру арқылы авторлау» -> «Иә» параметрін таңдау арқылы құжаттың мазмұнын көруге болады.


«Төлемдерді қарастыру арқылы авторлау» опциясын таңдау жағдайында төлемдерді қарастыру терезесі ашылады. Төлем мақұлданған жағдайда, ол өз түсін жасылға өзгертеді, сондай-ақ қол қойылады. «Аяқтау» басқышын басыңыз.



Бұдан әрі құжаттарды авторлау нысаны пайда болады, құжатқа қол қою үшін «Сандық қол қою» басқышын басыңыз.


Назар аударыңыз! «Сандық қол қою» басқышын басқаннан кейін құжат автоматты түрде банкке жіберіледі.




«Құжаттар» нысаны бойынша «Қарастыру» сілтемесін басу арқылы құжаттың жай-күйін бақылауға болады.
Жақында жіберілген құжат «Жіберу үшін» жағдайында болады. Банкпен өңделген құжаттар «Жүргізілді» жағдайына ие болады.



7. Құжаттар импорты

«Файлдың импорты» нысаны жүйеге келісілген пішінде клиент құжаттарының сыртқы файлдарын импорттауға мүмкіндік береді.

Жүйе (жасырын, үнсіз) импорттың келесі көріністерінен тұрады:
МТ102 пішініндегі жалақы және зейнетақы (әлеуметтік төлемдер)

Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні «Төлемдер жүйесі – айырбастау процедуралары және хабарламалардың пішіндері» құжатының талаптарын қанағаттандыруы керек («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептер орталығы» РМК).



МТ100 пішініндегі құжаттар

Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні «Төлемдер жүйесі – айырбастау процедуралары және хабарламалардың пішіндері» құжатының талаптарын қанағаттандыруы керек («Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептер орталығы» РМК).



1С құжаттарының экспорттық файлдары

Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні экспорт файлы пішінінің талаптарын қанағаттандыруы керек (нұсқа 7.7. конфигурациясынан төмен емес).


БТА-Оnline жүйесінің ішкі көрінісі

Импортқа арналған файлдың құрылымы мен пішіні «BTA Online жүйесінің импорт/экспорт файлдарының ерекшелігі» құжатының талаптарын қанағаттандыруы керек.


БТА-Оnline жүйесіне файлдарды импорттау процедурасы біркелкі болып табылады және оның құрамына импорттың төмендегі тәртібі кіреді:

1. толық тізімнен импорт көрінісін таңдау;

2. файл-бастаманы көрсету;

3. файлдың кодын көрсету.

DOS – MS DOS кодтау

Win – Windows кодтау



Зейнетақы/жалақы аударымдарының импорты мысалын қарастырып көрейік

Зейнетақы/жалақы аударымдарының импорты зейнетақы/жалақы бағдарламаларымен құрылған файлдар импортымен жүзеге асырылады.

Зейнетақы бағдарламалары (swift файлдар) – ЗТМО, 1С және т.б. бағдарламасы.

Жалақы бағдарламасы– TotalPay(БТА) бағдарламасы


*Маңызды! БТА-Online жүйесінде импорттайтын файлды алдын-ала шығарып тастаңыз және оның сақталған жерін (папка) есте сақтаңыз.
Қажетті файлдарды құрғаннан кейін БТА-Online жүйесіне кіріңіз. Басты нысанда «Құжаттар» қосымша парағына өтіңіз, панельдің сол жағындағы «Импорт» сілтемесін басыңыз.


«Файл импорты» нысанын басыңыз. Бұдан әрі «МТ100/МТ102 пішіні файлдарының импорты» импортына арналған көріністі таңдаңыз (зейнетақы/жалақы файлдарына арналған жалпы пішін)


Импортталатын файлды іздеу үшін «Шолу» басқышын басыңыз. Қажетті файлды таңдаңыз және «Ашу» басқышын басыңыз.



Файл сақталған кодтауды табыңыз.




Әрі қарай «Файлды жүктеу» басқышын басыңыз. Файлдың ішіндегіні қарағыңыз немесе кодтауды дұрыс таңдағаныңызды тексергіңіз келсе, «Файлды қарау» басқышын басыңыз.



Файлды алдын-ала жүктеу хаттамасы шығады. Толтырудың дұрыстығын тексеріңіз. Қателер табылған жағдайда, «Кері қарай» басқышын басыңыз. Импортталатын файлдағы деректерді түзеңіз және қайтадан жүктеңіз. Егер файлды алдын-ала жүктеу қатесіз жүргізілсе, «Жаңа құжат» жазуының үстіне белгі қойыңыз және «Импорт» басқышын басыңыз.




Бұдан әрі суреттегі тәрізді қызыл жазу шығады. Бұл құжаттың дұрыс құрылғандығын білдіреді.





«Төлемдер» нысанына кіріп, құжатты авторлауға жіберу процесін бастау керек.

Импорт кезінде барынша көп кездесетін қателіктер

Егер жүйе құжатты құрудың мүмкін еместігін көрсетсе, импорттағы қателіктер импорт хаттамасында көрсетіледі – Бенефициар/Қателіктер бағаны.

Мысалы, Валюталау күнінің дұрыс емес көрсетілуі - егер құжатты құру кезінде валюталау күні дұрыс көрсетілмесе, күнді дұрыс көрсету арқылы файлды қайта құру керек немесе қарастыру үшін қандай да бір бағдарламамен файлды ашу арқылы күнді қолмен өзгертуге болады (FAR, Notepad). Өрісте: 32A: (:32A:070111KZT6000,00) файлында. Біздің мысалда 2007 жылғы 11 қаңтар күні көрсетілген, 2007 жылғы 12 қаңтарға өзгерту керек, осы күнге өзгертесіз 070112(:32A:070112KZT6000,00).




Қызметкердің ЖСН дұрыс көрсетілмегенегер импорт мүмкін болмаса және жүйе төлем сомасының салымшылар тізілімдерінің сомасына сәйкес келмейтіндігін көрсетсе, төмендегі тізілімді көрсету керек және ескертуде қателік көрсетіледі.

Мысалы СН. Қызметкердің ЖСН тізілімді дұрыс көрсетілмеуі мүмкін/немесе ол жоқ.



8. Есепшоттар бойынша қозғалыстарды қарастыру/банктің мөртабанымен үзінді алу
Жүйеде шоттар бойынша барлық қозғалыстарды қарауға, шоттардың ағымдағы балансын білуге, банк мөртабанымен үзінді алуға – және осының барлығын офистен шықпай жүзеге асыруға болады. Шоттар бойынша барлық осы күнгі қозғалыстарды қарастыру үшін, басты нысандағы «Үзінді және Есептер» қосымша парағына өтіңіз.



«Есепшоттар» сілтемесін басыңыз.

Шоттардың тізімі және олардың әрқайсысының ағымдағы балансы шығады. Шот нөмірлері сілтемесін басыңыз (қызыл түспен белгіленген).


Бүгінгі күнгі шоттар бойынша қозғалыстар шығады. Бұрынғы қозғалыстарды көру үшін алғашқы күнді қажетті күнге ауыстырыңыз (мысалы 01/12/2006) және «Белгілеу» басқышын басыңыз.

Бүгінгі күн



Бұрынғы күні


Таңдалған кезең үшін шоттар бойынша барлық қозғалыстар шыққаннан кейін құжаттың мазмұнын көру үшін құжаттың сомасына басыңыз.

Әрі қарай банк мөртабанымен үзінді алу үшін «pdf пішініндегі құжаттың мөрі» сілтемесімен жүріңіз.





* Маңызды! Мөртабан қойылған үзінді алу үшін компьютерде PDF пішініндегі файлдарды қарастыруға арналған бағдарлама болуы керек.

Мөртабан қойылған үзінді алғаннан кейін жүйеде оны принтерден басып шығару және қатты дискте сақтау мүмкіндігі болады.




Есепшоттар бойынша үзінді құру үшін «Есепшоттар бойынша үзінді» нысанына кіріңіз.




Есептің типін, кезеңін, шотты таңдаңыз және «Орындау» басқышын басыңыз.

Экранда қалыптастырылған үзінді шығады, оны «Print» басқышын басу арқылы басып шығаруға, «pdf пішініндегі үзінді» сілтемесін басу арқылы банктің мөртабанымен басып шығаруға, үзіндіні «Үзінді.xls» сілтемесі арқылы Excel пішінінде аударуға болады.



9. Өнімдер: Кредиттер

Аталған мәзірдің функциялары кредиттік шарттар бойынша сұратуларды өңдеуге арналған.



«Сұрату» нысаны

«Сұрату» нысаны пайдаланушыға қолданыстағы КШ параметрлерін алу бойынша өтінім жасауға мүмкіндік береді.



Мысалы:


Сұратудың негізінде кредиттік шарттың параметрлерін қарап шығуға болады. Жұмыс сұлбасы: Өнімдер -> Кредиттер -> Сұрату -> Сұрату құру ->Сұратуды авторлау.


Сұрату құру үшін «Құру» басқышын басыңыз.

Сұратудың параметрлерін енгізіңіз: шарттың нөмірі, сомасы, валютасы, сұратудың нөмірі және «Сақтау» басқышын басыңыз.

Әрі қарай оны белгілеп қою арқылы өтінімді таңдаңыз және «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз.Белгі қою арқылы «Құжаттар -> Авторлау» дегенге кіріңіз, сұрату және «Авторлау» дегенді басыңыз. Бұдан әрі электронды-сандық қол қойыңыз. Қол қойылғаннан кейін сұрату банкке кетеді. Сұрату өңделгеннен кейін кредиттік шартты қарау мүмкіндігі шығады.

«Қарау» нысаны

«Қарау» нысаны пайдаланушыға жүйеде сұрату бойынша тіркелген кредиттік шарттардың параметрлеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.




«Нөмір» сілтемесі таңдап алынған шарттың («Заем шарттары») деректемелері мен параметрлерін қарауға бастамшы болады.


«Сома» басқышы – заем шарттарының мөрі.

«Заем шарттары» беті уәкілетті пайдаланушыға маңызды мәндермен танысуға көмектеседі:




  1. • КШ өтеу кестесі

  2. • Шоттар және олардың ағымдағы қалдықтары

  3. • Кепілді қамтамасыз ету

  4. • КШ бойынша ставканың %

  5. • Транштардың шарттары және оларды өтеу кестелері



10. Өнімдер: Депозиттер

БТА-Оnline жүйесі клиенттің уәкілетті тұлғаларына клиентпен қолданылатын банктік өнімдерді басқару, бақылау және қарастыруға, оның ішінде депозит ашу үшін өтінімдер дайындау және депозиттік шарттардың параметрлерін қарастыруға мүмкіндік береді.


«Депозиттік конструктор нысаны
«Депозиттік конструктор» нысаны пайдаланушыға төмендегілер бойынша өтінімдер жасауға мүмкіндік береді:

• жаңа депозит ашу;



  1. • қолданыстағы депозиттің параметрлерін алу;

  2. • депозиттік шартты бұзу;

  3. • мерзімді ұзарту;

  4. • толықтыру;



«Сома» сілтемесі құрылған өтінімді редакциялауға мүмкіндік береді.

«Құру» басқышы жаңа өтінім құру процесін бастайды (банкте жаңа депозит ашу туралы сұратуды толтыру үлгісін төменнен қараңыз).

Көрсетілген «Сұратудың типі» мәніне қарай жүйе сұрату параметрлерінің қажетті міндетті тізімін талап етеді және бақылайды.




Әрі қарай оны белгілеп қою арқылы өтінімді таңдаңыз және «Авторлауға жіберу» басқышын басыңыз. Белгі қою арқылы «Құжаттар -> Авторлау» дегенге кіріңіз, сұрату және «Авторлау» дегенді басыңыз. Бұдан әрі электронды-сандық қол қойыңыз. Қол қойылғаннан кейін сұрату банкке кетеді. Сұрату өңделгеннен кейін кредиттік шартты қарау мүмкіндігі шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет