Пайдалы қазбалар



бет2/3
Дата03.02.2023
өлшемі1.77 Mb.
#469091
1   2   3
слайд пайдалы қазбалар

Табиғи газ Жер қойнауларында органикалық затратдың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған гайдар қоспасы. Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жерқойнауларында) орналасқанда газ тәрізді күйде – жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немсе мұнай-газ кен орындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немсе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 к Па және 15 °C) табиғи газ тек газ тәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраторы түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРдЫң ТҮРЛЕРІ

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ

Гранит

  • Гранит[1] – Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы,толық кристаллы, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтанкалийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микроклин), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2,5 – 2,7 г/см3.

Мұнай

  • Мұнай көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады;пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Алюминий

  • Алюминий (лат. Aluminium),– ашудас, Al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, рет нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған. Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660ӘС, қайнау температурасы 2500ӘС; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий. Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магниймарганецтеміркремний болады.[1][2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет