Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі


Көмірсутек шикізаты кен шоғырларын игеруді реттеу



бет6/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#181975
1   2   3   4   5   6   7   8
2.2.3. Көмірсутек шикізаты кен шоғырларын игеруді реттеу

 

303. Қаттық флюидтер сүзгісінің арнайы бағыты мен жылдамдығын мақсатты өзгерту, қаттарды құрғату үшін қолайлы жағдайлар жасау реттеудің негізі болып табылады.

Реттеу кен орнын игерудің барлық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.

304. Игеруді реттеу және жетілдіру нәтижесінде:



әзірлеу объектісінен көмірсутек шикізатын жылдық өндіру динамикасын қарастырылған жобалық құжатпен қамтамасыз ету;

көмірсутек шикізатын шығарудың жобалық коэффициенттеріне қол жеткізу;

бұрғыланған ұңғымалар қорын барынша пайдалану, агентті айдауға арналған шығындарды қысқарту, мұнай беру үшін еш кедергісіз бағыттас суды және басқаларын азайту есебінен экономикалық көрсеткіштерді жақсарту.

305. Игеруді реттеу негіздемесі және әдісін таңдау мен тәсілдері алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттерге және нақты геология-физикалық шарттарға байланысты болады.



Игеруді реттеу қабылданған қағидаларды ескере отырып, реттеу тәсілдерін таңдау, яғни пайдалану объектісін дренаждау процесін басқару жөніндегі іс-шараларға ғылыми негізделген бағытты таңдау қажет.

306. Түрлі геология-физикалық шарттар үшін өзіндік қағидалар бар. Су басуды қолдану кезінде мына қағидалар қолданылуы мүмкін:



мұнай немесе айдалған су фронты контурларының бір қаты пайдалану объектілерінің орталық қатарына біртекті тасымалдануы;

бір қаты пайдалану объектілерінің ауданы бойынша өткізу бір текті еместігі;

шоғырдың әлдеқайда өнімді бөліктерінің жылдам өндірілуі өткізу қабілеті төмен блоктарға су айдау арқылы шоғырды «табиғи» түрде бөлу және қайта өңдеу;

барлық қаттардың жылдамдығы бірдей болып, мұнай (айдалған су фронттары) контурларының көп қаты, фильтрациялық қабілеті ұқсас қаттар бойынша жиналған объектілерде өткізу;

әр төменде жатқан қаттың оның үстіндегі қатқа қарағанда өнімділігін жылдамдату, кейін көп қатты объектілерде суланған қаттарды сөндіру, қаттардың қалыңдығы мен өткізгіштігі астынан үстіне қарай артқан кезде;

шоғырда үлкен мұнай жиегінің болуы жағдайында шоғырдың барлық ауданы бойынша су мұнай контактісінің біртекті көтерілуіне қатысты қамтамасыз ету.

Реттеу қағидалары басқа да геологиялық-физикалық шарттар кезінде қолданылады.

307. Таңдалған қағида негізінде өңдеуді жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру әлдеқайда аз экономикалық шығындармен қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.

308. Өндірісті реттеу пайдалану объектісінің ағымдағы жағдайына қарай жүйеде маңызды өзгерістерсіз немесе оған түзетулер енгізусіз бұрғыланған ұңғымалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

309. Реттеудің іске асыралатын жүйе шеңберінде оларды өзгертусіз өңдеуді реттеудің негізгі әдістері мен тәсілдеріне мыналар жатады:



айдама ұңғымаларының жұмыс істеу режимдерін өзгерту, оның ішінде жұмыс қысымын айдауды арттыру немесе шектеу, ұңғымалар арасында айдауды тоғысу қысымымен және тағы басқаларымен өзгерту арқылы тарату;

өндіріс ұңғымаларының жұмыс режимдерін өзгерту, соның ішінде жеке ұңғымалар немесе ұңғыма топтары бойынша сұйықтық шығаруды арттыру немесе шектеу, мұнай өнімдерін сыртқы қатар ұңғымалардан ішкі қатар ұңғымаларға алмастыру, қатты суланған немесе ластанған ұңғымаларды сөндіру, сұйықтықты шығару және;

аршуды жақсарту және өңдеу объектісі қатының префорациясы аралықтарын өзгерту;

ұңғымаларды гидродинамикалық тұрғыдан жетілдіру үшін ұңғымаларды қышқылмен өңдеу арқылы ұңғыманың аумағына ықпалы, үсті-белсенді заттарды айдау арқылы, қаттың гидрокесілуі мен тағы басқа;

ұңғымаларға құйылатын ілеспе суларды цементтеу арқылы немесе басқа құюлармен оқшаулау немесе шектеу, түрлі тосқауылдар жасау, химиялық реагенттер ерітінділерін айдау және басқалар;

сұйықтың құйылысы немесе судың шығынын профильдік, әр интервалды игере отырып, өткізгіштігі жоғары қаттарды бекіте отырып, химиялық реагенттер, механикалық заттар, бейтарап газдар, қойыртпақ сулар және басқалар арқылы тегістеу;

бір уақытта өндіруші ұңғымаларды пайдалануды және айдамалау ұңғымаларына су айдауды бөліп жүргізетін сенімді жабдықтарды қолдану;

жекелеген учаскелерде қосымша ұңғымаларды жобалық құжатта қарастырылған резервтік ұңғыма есебінен бұрғылау;

резерв есебінен немесе суландырылған өндіруші ұңғымалар есебінен жаңа айдамалау ұңғымаларын бұрғылау арқылы өндіруші ұңғымаларға айдауды жақындату;

су айдау ошағын ұйымдастыру;

сүзілу ағындарының бағытын өзгерту және циклдік су айдау.

310. Жер қойнауын пайдаланушы игерудің жобаланған жүйесін жетілдіруді осы жобалық құжатты әзірлеу үшін жасаған жобалық ұйымның келісімі бойынша жүзеге асырады.

311. Егер қолданылып отырған игеру жүйесі мұнай айырып алу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етпесе, онда ол жүйені жетілдіру мыналар арқылы орындалады:

ұңғымалар торын тығыздау (қаттың нашар параметрлері учаскелерінде);

қатты объектіні қалыңдығы жұқа объектілерге бөлу және олардың әрқайсысында өзіндік дербес ұңғымалар бұрғылау;

қатқа ықпал жасау әдісін немесе су айдау түрін өзгерту;

айдау қысымын едәуір ұлғайту.

312. Игеру жүйесін өзгерту жөнінде іс-шаралар бұрын бекітілген жобалық құжаттарға қосымша ретінде жасалады немесе міндетті түрде экономикалық және технологиялық тиімділігі бағаланған жаңа жобалау құжаттары жасалып, белгіленген тәртіппен өндіруге арналған келісімшартқа кейіннен өзгеріс енгізумен бекітіледі.



 

 

2.3. Көмірсутекті кен орындарын әзірлеу кезінде авторлық қадағалау



 

313. Авторлық қадағалауды жыл сайын қабылданған жобалық шешімдердің іске асырылуы үшін көмірсутек шикізаты кен орнын өндіруге арналған жобалық құжатты жасаған жобалық ұйым жүргізеді.

314. Авторлық қадағалау кезінде игеруді бақылау кезінде алынатын ағымдағы геологиялық-кәсіпшілік ақпарат пайдаланылады, ал жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын қадағалау нәтижелері жыл сайынғы есеп беру түрінде баяндалады.

315. Авторлық қадағалау бойынша жыл сайынғы есепте мына ережелер көрініс табуы тиіс:

қол жеткізілген технологиялық параметрлердің нақты мәнінің мұнай және сұйықтық өндіру деңгейлері, айдаған электр тасушылар көлемін, бұрғыланған және өндіру жұмысын атқарып тұрған ұңғымалар қорының, орташа дебиттің және ұңғымалардың сыйымдылығы, қат қысымы мен түпкі қысымдардың динамикасы, жобаға сәйкестілігі (немесе сәйкес емессіздігі), игеру объектісі өнімінің ағымдағы сулануы;

нақты және жобалау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарды және (немесе) жобалау шешімдерінің орындалмау себептерін ашу;

жобалау шешімдеріне қол жеткізуге және игеру жүйесін меңгеру жолында жіберілген кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар берілді;

жекелеген жобалау шешімдерін және көрсеткіштерін өзгерту туралы өндірістік ұйымдардың ұсыныстары (егер ондай болса) жөнінде қорытындылар берілді.

316. Көмірсутектері кен орнын игеруді талдау геологиялық-кәсіптік, геофизикалық, гидродинамикалық және өзге де ұңғымалар мен қаттарды пайдалану объектісін әзірлеу процесінде зерттеу нәтижелерін кешенді зерделеуді, сондай-ақ осы негізде көмірсутек шикізатын өндіру және шығаруды оңтайландыру коэффициентін ұлғайту мақсатында әзірлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды дайындаумен көмірсутегі шикізаты қорларын ағымдағы орналастыруды белгілеу үшін әзірлеу көрсеткіштерінің және өнімді қабаттарда жүріп жатқан процестердің динамикасын көрсетеді.

317. Жұмыстардың мерзімділігі авторлық қадағалау нәтижелерінен туындайтын немесе кезекті жобалау құжатын жасау қажеттілігіне байланысты айқындалады. Ірі және күрделі кен орындары бойынша олардың игерілуін талдауды екі-үш жылда бір рет жүргізу орынды.

318. Талдау нәтижесінде бағаланатындар:



игерілудегі объектілердің энергетикалық жағдайы, оның ішінде қаттық қысымның динамикасы, алынғанның орнын айдаумен толтыру, табиғи режимдер және басқалар;

көмірсутек шикізатын, сұйықты, өнімнің сулануы, жұмыс агентін айдау және басқалары және олардың жобалау құжаттарына сәйкестігі, газдың жылдық өндіру динамикасының сипаттамасы;

ұңғымалар тобының жағдайы және оның жобалық құжаттарға сәйкестігі;

игеру объектісіндегі қаттар мен қатшаларда әсер етумен қамту дәрежесі, ауданы мен қимасы бойынша қорлардың алыну жағдайы;

су-мұнай жапсарының көтерілуі және мұнайлы шектемелердің жылжуы есебінен, ал контурішілік сулану болғанда қатқа айдалатын жұмыс агентінің есебінен шоғырға судың сіңу сипаты;

нақты шоғыр немесе объект үшін зор маңызы бар басқа мәселелер:

суық суды айдаудан қат температурасының төмендеу сипаты мен салдарларын зерделеу, қат тұздар, парафиндердің түзілуі, сазды бөлшектердің ісінуі, қаттық қысымның азаю себептері, сіңу қасиеттерінің төмендеуі, сұйықтықтың жедел алынуы және резервтегі қордың есебінен қосымша ұңғымалардың бұрғылауын жүргізу және басқалар.

319. Игеруді талдау жұмысы объектілердегі болашақ жобалық жұмыстар көрсеткіштерінің орындалуына арналған ұсынымдарды жүзеге асыру бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштердің гидродинамикалық есептеулерін (математикалық модельдерін) жасаумен аяқталады.

320. Егер игерудің нақты және жобалық көрсеткіштері арасында айтарлықтай (5 пайыздан аса) айырмашылықтар болып, игеру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу қажет болса, онда игеруді талдаудың нәтижелері кен орындарын пайдалану жөніндегі орталық комиссияның қарауына жатады.

321. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткеннен кейін, игеруді талдау 3 жыл бойы игеру жөніндегі технологиялық құжат болып саналады. Осы мерзімде жер қойнауын пайдаланушы игерудің жаңа жобасын белгіленген тәртіппен бекітеді.

322. Пайдалану объектісінің динамикалық геологиялық-кәсіпшілік моделі - геологиялық-техникалық кешеннің ағымдағы жай-күйінің белгілі бір күнге бейнеленетін картографикалық, графикалық, кестелік және өзге де материалдар кешені - пайдаланылатын объекті және игерудің техногендік жүйесімен түзілген күрделі жүйе.

323. Осы модельді жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын, ал түптеп келгенде, игеруге іргелі талдау жүргізгенде немесе екінші қайта жобаланғанда жасалуы мүмкін.

324. Объектінің құрылыс ерекшеліктеріне және динамикалық геологиялық-кәсіпшіліктік бастапқы ақпараттың сипатына байланысты модель бірнеше түрлі кескінде көрінуі мүмкін. Динамикалық модельдеу кезінде міндетті түрде мынадай материалдар әзірленеді:

модельдердің мерзіміне жасалған сызбалық геологиялық қатарлар, оның ішінде:

изобарлардың карталары, онда аймақтар бойынша және пайдаланудағы біртұтас объект бойынша орташа қысымның есебі;

мұнай-газды шектеулердің бастапқы және ағымды жағдайлары, онда суланған белдемдер толығымен және ішінара көрсетілген;

мұнай-газбен қаныққан қаттардың қалдықтар карталары;

ұңғымалардың ағымдағы және жинақталып алынған мұнай мен судың карталары (игерудің карталары);

геологиялық профильдер, онда ағымдағы әртүрлі мұнайгаз, сумен қаныққан белдемдер бөліп көрсетілген (суландырылмаған, ішінара және толығымен суландырылған);

пайдалану жұмыстарының басталуынан осы кезеңге дейінгі игеру сызбалары, онда абсолюттік және тиесілі мәндерде негізгі жылдық технологиялық көрсеткіштердің динамикасы бейнеленген (мұнай, сұйықтық өндіру, өнімнің суланғандығы, жұмысшы себепкері айдау, өндіруші және айдаушы ұңғымалардың қоры, қорлардың алыну дәрежесі, мұнай мен суықтық бойынша ұңғыманың дебиті, қаттық қысым);

ұңғымалар қорының сырын ашатын кестелер (жұмыс істеп тұрғандары, тоқтаңқырап тұрғандары, тоқтатылғандары, жабылғандары және басқалары).

Изобарлар карталары, игеру карталары, онда тоқсан сайынғы ұңғымалар бойынша жасалатын ұңғымалардың қабылдағыштығы, айдау көлемдері көрсетіледі.

325. Көп қатты объектілердің динамикалық моделі көрсетілген сызбалық және кестелік материлдар әрбір қатқа бөлек жіктеп, жалпы бір объектіге тұтас біріктіріп жасалады. Жіктеу дәрежесі объектінің құрылыс ерекшеліктеріне де (қаттардың саны мен біртексіздік сипаты), олардың әрбіреуі бойынша қолда бар ақпараттың санына да байланысты.

326. Статикалық және динамикалық геологиялық-кәсіпшіліктік модельдер негізінде математикалық модель жасалады, ол зерделенген процестің сипатын физикалық көзқарас тұрғысынан бейнелейтін теңеулер жүйесін білдіреді.

327. Математикалық модельдеу жолымен мұнай-газ айырып алу процесінің одан әрі дамуына болжау жасалады, ол осы қалыптасқан игеру жүйесі кезінде және геологиялық-техникалық әрі технологиялық шаралар кешенінің бұрын жүргізіліп, жүзеге асырылған кезі.

328. Кен орнын игеру біткеннен кейін жасалатын динамикалық геологиялық-кәсіпшіліктік модель әрбір пайдалану объектілерінің (шоғырдың) алаңдары мен қималары бойынша көмірсутектері қорларының қазылып алынбай қалған барлық қалдықтарының жатқан орындарын бейнелеуге тиіс.

 

 

2.4. Көмірсутекті кен орындарын игеру кезінде жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау



 

329. Жер қойнауын қорғауға: жер қойнауынан мұнай мен газды өндірудің толықтығын қамтамасыз ету, ұтымды және жан-жақты пайдалану, жер қойнауының жоғарғы бөліктерінің энергетикалық ахуалының қасиеттерін, техногендік процестерді (жер сілкіну, сырғыма, су басу, топырақтың шөгуі) болдырмайтын жағдайда сақтау; ұңғымаларды бұрғылау, жайғастыру және игеру негізінде мұнайдың, судың және газдың қатаралық ағыны әсерінде; сонымен қоса өндіріс қалдықтарын және қалдық суларды іске асыруда жер асты су көздерінің ластануына жол бермеу.

330. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шаралары төмендегілердей қарастырылады:



мұнай, мұнай-газды, газды және газконденсатты кен орындарын игерудің және жайғастырудың жобалау алдындағы және жобалық құжаттарында;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда.

331. Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру талаптарын сақтау және бақылау жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледі.

332. Мұнай, газ, конденсат орындарын игеру инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геоэкологиялық және басқа да зерттеулердің қорытындылары негізінде жүргізіледі. Қосымша жүргізілетін жұмыстардың қажеттілігін табиғатты қорғау нормативтік құжаттарының талаптарын жобалау ұйымдары белгілейді.

333. Мұнай, мұнай-газды, газды және газконденсатты кен орындарын барлау, бұрғылау және игеру кезінде тек экологиялық таза технологиясы мен химиялық өнімдері, жоғары сапалы технология мен жабдық егер әлемдік стандарттардың талаптары қазақстандықтан төмен болмаса, оның ішінде жоғары құрамдағы күкіртқышқылының деңгейі Қазақстан Республикасының және әлемдік стандарттарға сәйкес келсе қолданылады.

334. Жобада таңдап алынған технологиялық параметрлердің экологиялық қауіп дәрежесі бойынша ең мықты әлемдік аналогтармен салыстырылған бағасы беріледі.

Көмірсутек шикізаты кен орнын өнеркәсіптік игеру бойынша жобалау құжатында міндетті түрде ілеспе газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі бөлім қамтылуы тиіс.

335. Қоршаған ортаның ластануы мен әсер етуінің негізгі көздеріне мыналар жатады:



ұңғыманы бұрғылау кезінде: бұрғы және цемент ерітінділерін химиялық дәнекермен дайындау (гидроциклон, вибросит), айналу жүйесі; сорғы блогы; ұңғыма сағасы; жуу сұйықтығын сақтайтын қосалқы қамбалар, бұрғылау қалдықтары (қойыртпақ, ағын сулар, бұрғы ерітіндісі) жанар-жағармай және олардың қамбасы, бұрғылау мен тампонаж ерітінділерін дайындайтын химиялық заттар, пайдаланған сулар басқа да қалдықтар;

ұңғымаларды сынау кезінде: құбырдың сыртындағы кеңістікпен кигізбе құбырлардың ақаулықтар арқылы кешен арасындағы ағындысы, атқылау арматурасы, жандыру қондырғысы, мұнай, газ, конденсат минералданған қат суы, ұңғымадағы апат кезіндегі лақтыру өнімдері (қатты флюидтер, тампонаж қоспалары);

ұңғымаларды консервациялау және жою кезінде: бағандардың саңлаусыздығы, кигізбе құбырлар, атқылау арматурасы, жоғарғы қысымды жапқыш, қайта шапшылағанда қаттың үгілуі, газ бен қаттың, судың, газ бүркемесінің шығуы мұнай, газ, конденсат, минералданған су.

336. Ұңғылардың беріктігі, технологиялық қауіпсіздік жағынан қоршаған ортаға зиян келмейтіндей деңгейде болуы керек, ол үшін ұңғылар көп жылға төзімді, сапасы жоғары, жер бетінен белгіленген төмендікте орнатылуы стандартқа сәйкес келуі керек.

337. Ұңғыларды бұрғылау электр жетектерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Егер бұрғылау жұмыстары дизельгенератор немесе дизель жетегі арқылы атқарылса, атмосфераға шығарылатын газдар аз деңгейде болуы қажет.

338. Бұрғылау қондырғының орнын орналастыру жердің құлдилау деңгейі, пайдаланған судың тұндырғыш қамбасына ағуын, жер асты деңгейін, қорғау аймағының болуы, аймақтың сейсмикалық қауіпсіздік, аэроғарыштық ішуге жарайтын су көзіне және балық шаруашылық қоймаларына жақындығын еске ала отырып, жобаланған бұрғылау қондырғысы орналастырылады.

339. Бұрғылау жұмыстарын жүргізбес бұрын бу өткізу жолдарын, айналу жүйесін, бұрғы ерітіндісін дайындау және тазарту блоктары, химиялық реагенттер сақтау қоймалары, бұрғылау мұнараның орны, ағу мүмкіндігі бар жанар-жағармай қоймасы, тағы да басқа улы заттары бар ғимараттар тексеріліп, жұмысқа жарайтын дәрежеге келтірілуі қажет.

340. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын құнарлылығы жоғары жерлерде, бұрғылау жабдықтарды құруға дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде, болашақта бүлінетін жерді қалпына келтіру үшін құнарлылығы жоғары жер қаты алынып, бөлек сақталынады.

341. Ұңғымаларды орнатуға бөлінген учаскелерден тысқары жерлерде өсімдіктерге және жер бетіне зиян келтіруге рұқсат етілмейді.

342. Бұрғылау қалдықтарының бұрғылау алаңының аумағына түсуін және улы заттардың табиғи объектілерге көшуін болдырмау үшін оларды ұйымдасқан түрде жинау, сақтау инженерлік жүйесі мен технологиялық алаңдарды гидроизоляциялау көзделеді.

343. Ұңғымалардың құрылысы қамбасыз дайындау және бұрғылау ерітіндісін тазарту мен ұңғыманы бұрғылау тәсілін қатаң қолданумен жүзеге асырылады. Құйма қамбаларының құрылысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен келісім бойынша олардың құзыреті шегінде рұқсат етіледі.

344. Бұрғылау және кәріз суағарларын су қоймаларына және жер асты сулы қаттарына ағызуға тыйым салынады. Мемлекеттік бақылау органдарының рұқсатын алған жағдайда бұрғылауды, пайдаланған суларды, тұзсыз және бальнеологиялық суы жоқ, жер асты қатына айдауға болады.

345. Жер қойнауын пайдаланушы пайдаланылған бұрғылау процесінде қайта пайдалану, қоршаған ортаға қайтару үшін өңделген бұрғылау ерітіндісін, бұрғылаудың ағынды суларын және бұрғыланған таужынысты (үгіндіні) мұнай мен газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес кәдеге жарату, бейтараптандыру жұмыстарын жүргізеді.

346. Сулы горизонттарды бұрғылау кезінде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаушы көздер ретінде қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген токсикологиялық сипаттамалары болуы тиіс бұрғы және цемент ерітіндісін дайындау үшін қолданылатын химиялық реагенттер пайдаланылуы мүмкін. Сулы қаттардың астасу аралығы тұйықталуға тиісті.

347. Жұтылу жағдайларында ұңғымаларды бұрғылау кезінде құрамында шаруашылық ауызсуы бар ерітінділер мен материалдардың қатқа түсуіне жол берілмейді. Бұл ретте, тез қататын қоспалар, әр түрлі құрылғылар және технологиялық процестер, сондай-ақ бұрғылаудағы көбікті, ауалы ерітінділер және басқалар қолданылады.

348. Ұңғымаларды сынау алдында мыналар тексеріліп, қамтамасыз етіледі: беріктілігі және шығу жүйесінің сенімділігі, сынау ұңғымаларының (сеператорлардың) өнімдерді бөлу қоңдырғысы, мұнай қоймаларының судан оқшаулануы, өлшеу құрылғысы, сыйымдылықтар, алаулар, айырғыштың алаңқайы және оның қоршауы.

349. Ұңғымаларды сынау процесінде өндірілген мұнай, конденсат, минералданған су ыдысқа жиналып, белгіленген тәртіппен келісілген жерлерге жөнелтіледі. Теңізде барлау ұңғымаларын сынау кезінде экологиялық сараптама нәтижесі бойынша көмірсутектерді алауда жағу қоршаған орта үшін газды кәдеге жаратудың ең қауіпсіз әдісі деп танылды.

350. Кен орнын игеруге дайындау кезінде барлық мұнай-газ қаттарында сынамалау бойынша оларда судың болуына жұмыстар жүргізіледі. Осы қаттарды сынамалау кезінде су алған жағдайда, олардың химиялық, газ құрамын зерттеу, су түсу көзін нақтылау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізіледі және қажет болған жағдайда, оқшаулау жұмыстарынан кейін оларға қайта сынамалау жүргізіледі.

351. Пайдалану құбырының сыртындағы цемент ерітіндісінің көтерілу биіктігі жер қойнауын қорғау жобасы мен талабына жауап берсе, онда ұңғымаларды игеру және сынау жұмыстары орындалады.

352. Жоғарғы қысымды, атқылау және ашық шапшылау қаупі бар қаттарды аршығанда, ұңғыманың орнатылған сағасы атқылауға қарсы қондырғылармен жабдықталады, ұңғыманы бұрғылау техникалық жобаға сәйкес жуу сұйықтығын қолдану арқылы жүргізіледі.

353. Күкіртсутекті қаттарды аршу персоналдың қатты бұрғылау мен аршуға дайындығы тексерілгеннен және белгіленгеннен кейін және көмірсутегі шикізатының (ашық фонтан) авариялық шығарындысы жағдайында ықтимал газданушылық аймағында жұмысшылар мен тұрғындарды қорғау жөнінде іс-шаралардың орындалуын тексергеннен кейін жұмысты жүргізуге жауапты адамның басшылығымен жүргізіледі.

354. Мұнай-газ белгісі байқалған кезде ұңғыманың сағасы саңылаусызданады және одан әрі аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

355. Ұңғымада күкіртсутегінің болуы кезінде бұрғылау ерітіндісі күкіртсутегін бейтараптандырғышпен өңделеді.

356. Өнімді кәдеге жаратуға мүмкіндік болмаған жағдайда жануын үнемі ұстаумен газды ауаға жағусыз немесе бейтараптандырып барлау және пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге рұқсат етілмейді.

357. Ұңғыманы игеру және гидродинамикалық зерттеу жөнінде жұмыстың аяқталуы бойынша жұмыс аймағының ауа құрамында күкіртсутегінің болуы және саға арматурасының саңлаусыздығы тексеріледі.

358. Мұнай-газ белгісі байқалған кезде ұңғымаларды жөндеу жұмыстары дереу тоқтатылып, ұңғыма бейтараптандырғышпен өңделген сұйықпен қайта бастырылады.

359. Техникалық жағдайларға байланысты бұрғылау аяқталмаған ұңғымаларда (авария немесе сапасы төмен желі) бұрғыланған қимасында мұнай-газды су қаты анықталса, онда сол қаттардың арасында көмірсутекті шикізат пен сұйықтықтың құйылысын болдырмау мақсатында оқшаулау жұмыстары жүргізіледі.

360. Көмірсутек негізіндегі бұрғылау ерітінділерін қолдану кезінде қоршаған ауа ортасының (ізбес-битум, инвертті эмульсия және басқалар) газданушылығын болдырмау жөнінде шаралар қабылданады. Газданушылығын бақылау үшін роторда, ерітінді дайындау блогында және сорғы үй-жайларында ауа ортасына өлшеу жүргізіледі, ал газданушылық байқалған кезде оны жою жөнінде шаралар қабылданады.

361. Ашық фонтанды тоқтату жөніндегі жұмыстарды белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган құрған штаб әзірленген арнайы жоспар бойынша жүргізеді.

362. Бұрғылау қондырғысы үй-жайлары бергіштен күкіртсутегіне шекті рұқсат етілген концентрациясына жеткенде қосылатын сорма желдеткіштермен жабдықталуы тиіс. Бұрғылау қондырғысы үй-жайларын желдеткіш жабдықтармен жарақтандыру кестесі өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісіледі.

363. Ұңғымаларды бұрғылау, игеру (сынау) және жабдықтарды бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жобалау шешіміне сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру (рекультивация) жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

364. Ең шеткі пайдалану ұңғымасынан, сондай-ақ көмірсутегі кен орнының әр объектісінен, өлшемі қазіргі санитарлық қағида бойынша белгіленетін санитарлық-қорғау аймағы анықталады. Күкіртсутегі бар көмірсутегі шикізаты кен орындары үшін ықтимал авариялық шығарындылар көлемінен және күкіртсутегінің шашырауы жағдайларынан шыға отырып, санитарлық-қорғау аймағы анықталады.

365. Сейсмикалық әрекеттердің нақты ошағын айқындау және зерттеу заңдылығын, оның уақытында кеңістікте жылжуын, жер сілкінісінің механизмін анықтау үшін, сейсмикалық белсенділігінің нақты ошақтарын табу мақсатында игеру кен орындары ауданының сейсмикалық және геодинамикалық режимін қадағалау жүзеге асырылады.

366. Өндіру және айдамалау ұңғымаларын игеру мен пайдалану көмірсутегі шикізатының ашық атқылауына, қатқа айдалынатын судың шығын болуына жол бермеу ұңғыманы тиісті жабдықтау кезінде жүргізіледі.

367. Ұңғыма түрлерін пайдалану құбырларының саңлаусыздығының бұзылуымен, қатаралық ағындарының болуымен, құбыр сыртындағы цемент тастарының болмауымен, сағалық ернемектік қосылыстарын өткізумен, сондай-ақ ақау ұңғымаларды игеруге, сынауға және пайдалануға рұқсат етілмейді.

368. Ақау ұңғымаларды жоюды құбыр сыртындағы көтерілмеген цемент немесе қосалқы ұңғыманың жаңа сенімді конструкциясын бұрғылаумен кондукторды қосатын ұңғымалар қорын оңалту жөніндегі іс-шаралар орындалады. Бұрғыланған ұңғыма қорын оңалту бірінші кезекте санитарлық-қорғау аймағында орналасқан ақау ұңғымаларында жүзеге асырылады.

369. Әр жаңа кен орындарында көмірсутегі шикізатын өндіруді қарқындандырудың кез келген әдісін нақты жүзеге асыру ұңғыманың колонна бүтіндігін және цемент қоршауын қамтамасыз ететін негізгі процес өлшемдерін негіздеу мақсатында жүргізілген тәжірибелік зерттеулер болады.

370. Көмірсутегі шикізатының кен орындарын игеру кезінде химиялық реагенттерді (индикаторларды) қолданудың қажетті жағдайы шоғырдың геологиялық қатарын және гидрогеологиялық жағдайын зерделеу болып табылады.

371. Қатқа әсер ету үшін химиялық реагенттерді таңдау кезінде олардың қауіптілік сыныбын, судағы ерігіштігін, ұшпалығын ескеру қажет.

372. Ұңғыманы және негізгі технологиялық операцияны жүргізуге, ұңғыманы жөндеуге, зерттеуге, бұзылған немесе тексерілмеген бітеме-реттеуші аппаратураларды, механизмдерді, агрегаттарды пайдалануға жабдықтарды дайындау кезінде туындайтын химиялық реагенттердің және мұнайдың ықтимал жылысуы мен төгілуінің, негізгі процесті жүргізу технологиясының бұзылуының, пайдалану құбырлары саңлаусыздығының алдын алу қажет.

373. Қатқа ингебиторлық тұз шөгінділерін және парафин шөгінділерін, беткі-активті заттарды, демульгаторларды айдағанда, олардың жер үстіне тасып төгілуіне жол бермеу үшін арнайы техника пайдаланылады.

374. Ұңғыманы бұрғылағаннан, жерасты және күрделі жөндегеннен кейін игеру сұйықтың төгілуін, ашық атқылауын болдырмайтын саңлаусыздандыратын құрылғымен ұңғыманы жабықтау кезінде жүргізілуі қажет.

375. Пайдалану (өндіру) ұңғымасын сумен толтыру кезінде оны бақылаудан басқа, колонна арқылы ұңғымаға су ағынының орнын, сулану көзін және оның астасу тереңдігін белгілеу мақсатында арнайы геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу қажет.

376. Өндіруші ұңғымаларды пайдалануды тоқтату туралы мәселені шешу көмірсутегі шикізаты кен орындарын әзірлеу және ұйғымаларды пайдалану тиімділігі шегін белгілеу бойынша қолданыстағы ережеге сәйкес қабылданады.

377. Егер кен орнын игеру кезінде жер қойнауындағы көмірсутегі шикізатының қайтарымсыз жоғалуына әкелуі мүмкін көмірсутегі шикізаты мен судың жерасты жылыстау немесе қатаралық ағындарының белгісі байқалса, онда жер қойнауын пайдаланушы қат флюидтерінің ретсіз қозғалысының себебін ақау байқалғаннан кейін бір жыл ішінде белгілейді және жояды.

378. Газды кешенді дайындау қондырғыларына қосылған пайдалану ұңғымалары атмосферада газ шығарындысынсыз және жағусыз бақылау сепараторларын пайдалану арқылы зерттелуі тиіс.

379. Күкіртсутегі әсері жағдайында пайдаланылатын технологиялық, ішкіұңғылық жабдықтарды, пайдаланатын және лифтілік бағаналарды коррозиядан қорғау үшін коррозиялы-берік маркалы болат және коррозия ингибиторлары қолданылуы, сондай-ақ коррозия ингибиторын қолданбай-ақ, тоттанбайтын коррозиялы-берік болат, арнайы жабын және өнімнің коррозиялық белсенділігін азайтатын технологиялық әдістер пайдаланылуы тиіс.

380. Коррозиялық белсенді ортада пайдаланылатын, ішкіұңғылық жабдықтар, технологиялық аппараттар, шеген құбырлары және басқа да жабдықтар, сульфидтік шытынауға берік болуы тиіс.

381. Қондырғыларда, үй-жайларда және өндірістік алаңдарда, жұмыс аумағына күкіртсутегінің тарау мүмкіндігі болғанда, ауа кеңістігін автоматты стационарлық газдабылберумен, сондай-ақ күкіртсутегінің жиналу мүмкіндігі бар жерлерде кезеңдік газдабылберушілермен немесе газталдауыштармен бақылау жүзеге асырылады.

382. Қат қысымын қолдау жүйесінің сенімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Қолданыстағы сарқынды сулардың суағызғысы қызмет көрсетудің және барлық суағызғының ингибиторлық қорғаудың жоғарғы мерзімімен ауыстыру қамтамасыз етіледі және ағынды суларды айдау, сондай-ақ өтетін су құбырын электрохимиялық қорғау жүзеге асырылады.

383. Мұнаймен бірге өндірілген қат сулары қатты өлшенген заттар мен судағы мұнай өнімдері құрамының нормаларына сәйкес тазартуға жатады, қаттың қысымды ұстау жүйесінде пайдаланылады немесе жұтылу горизонттарына көму мақсатында айдалады.

Қажет болған жағдайда өнімді қаттарға айдалған суды мұнай мен судағы күкіртсутегінің түзілуіне әкелетін оның күкіртсутегі бактерияларымен зақымданбауының алдын алу мақсатында антисептиктермен өңдеу жүзеге асырылады.

384. Қат суларын далаға, жоғары су көздеріне ағызуға, жерасты суларын ластауға әкелетін жерасты горизонттарға айдауға, сондай-ақ құрамында күкіртсутегі бар сұйықтарды бейтараптандырмай ашық су кәріздеріне ағызуға рұқсат етілмейді.

385. Күкіртсутегінің жоғары құрамымен қат сулары жабық ыдыстарда өңделуі және ұсталуы тиіс.

386. Өндірістік ағындарды жер астына көму оларды шаруашылық-ауыз су және бальнеологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суы жоқ тоғыту ұңғымаларына, сенімді оқшауланған жұтылу горизонттарына айдамалау арқылы жүзеге асырылады.

387. Өндірістік ағындарды жұтылу горизонттарына жерасты көму басқадай шешім болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі:

шоғырларды суландырмай игеру кезінде;

суландыру жүйесінің құрылысына дейін бастапқы өндіру кезінде өндірістік ағынның едәуір мөлшерін алу кезінде;

өндірістік ағынның жобада қаралған мөлшерден артық болғанда және оларды басқа кен орындарына тасымалдау тиімсіз болғанда;

қат суларын гидроминералдық шикізат ретінде пайдалану кезінде;

мұнайды кешенді дайындау қондырғысында пайда болған өндірістік ағындарды тазартудың ақталмаған күрделі технологиясы кезінде.

388. Өндірістік ағындарды терең көмуді жүргізу үшін оның аумағында қалдықтарды жинау және жоюға, олардың жер қойнауындағы жағдайы мен орын ауыстыруын бақылауға арналған үстіңгі және жерасты құрылыстар кешені орналастырылатын арнайы объект (полигон) құрылады.

389. Сұйық қалдықтардың шамалы көлемдері үшін және жағымды геологиялық жағдайлардың болуы кезінде қатты гидравликалық жару ақылы терең көму тәсілі қолданылуы мүмкін, оның әлсіз өтетін жыныстары сілемінде тоғыту процесінде қалдықтармен толтырылатын жасанды сызаттар жүйесі түзіледі.

390. Терең көму қауіпсіздігі:



геологиялық орта қасиеттерімен, жер қойнауындағы геохимиялық және физика-химиялық үрдістердің сипатымен, сондай-ақ оған айдалатын қалдықтардың техногендік әсерімен;

таужыныстарында жасанды ыдыстарға немесе коллекторларды өнеркәсіптік қалдықпен толтыру технологиясы;

инженерлік құрылыстардың және бақылау жүйелерінің жағдайымен анықталады.

391. Өндірістің сұйық қалдықтарын көму, сарқынды суларды түсіру Қазақстан Республикасының экологиялық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет