123
аялдай тұруын өтініп, мән-жайды әкесіне жеткізді. Қызы Лутқа:
«Бір жас жігіттер келді. Мен оларға бір нәрсе болуынан қорқып
тұрмын», – деді. Сонда Лут тездетіп барып оларға: «Сендерге не
керек?» – деп тіл қатты. Олар: «Қонақпыз», – деді.
Лут оларды
қайтарып жібермек болып сәл кідірді де,
бірақ олай істеуге ары
жібермеді. Сөйтіп, оларға: «Жүріңдер», – деді. Лут жолда оларға
жағдайды түсіндірмек болып: «Аллаһпен ант етем, ей, жігіттер!
Мен бүкіл жер жүзінде бұлардан кесірлі елді білмеймін», – деді.
Жол бойы Лут әлгі сөзін бірнеше рет қайталады. Ал періштелер
оның қарсы куәлігін күтетін еді. Сонымен, олар үйге кірген соң,
Лут оларды жасырып қойды. Луттың
бұзақылыққа қатысы бар
кәпір әйелі жұртқа: «Луттың үйінде өмірімде көрмеген көрікті
кісілерді көрдім», – деп жар салды.
Сонымен, бұл хабар ауылдың бұзақы тұрғындарына тарады.
Олардың барлығы Луттың үйіне асығып келді. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: