Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сендер үшін менен басқа тәңір барын білмеймін»



Pdf көрінісі
бет149/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Сендер үшін менен басқа тәңір барын білмеймін»
1

«Мен – сендердің ең ұлы раббыларыңмын»
2
, – деген. 
Ол Аллаһпен тәңірлікте және раббылықта таласқысы келген-
ді. Аллаһ тағала Құранда:
1
«Қасас» сүресі, 38-аят. 
2
«Назиғат» сүресі, 24-аят. 


176
 
 
«Перғауын ол жерде зорлықшыл болып, елін топтарға 
бөлді. Олардың бір тобын жаныштап, ұлдарын бауыздап, 
әйелдерін тірі қалдыратын еді. Өйткені ол бұзақылардан 
болатын»
1
, – дейді. 
Ол адамдарды таптарға бөліп тастады. Исраил ұрпақтары ең 
төменгі таптағылардың санатында болды. Перғауын оларды құл 
деп жариялап ауыр да азапты жұмыстарға жегіп, қатты қорлады. 
Ал әйелдерін күң ретінде санады. Бұл үстемдік оның тек өзіне 
ғана емес, сонымен қатар Мысырдың үстем таптарынан тұратын 
копттарға да тиесілі еді. Ал исраилдіктер осы азаптан арылуды 
асыға күтіп, әрдайым азаттықты аңсайтын. Олар перғауын 
сарайынан бір бала шығып, өздерін құтқаратындығынан хабардар 
еді. Бұл хабар олардың біріне аян арқылы келген деп айтылады. 
Анығы Аллаһқа мәлім. 
Басқа бір деректе: бір күні перғауын түс көреді. Түсінде 
Құдыстан шыққан бір от Мысырға қарай жылжып, ондағы 
исраилдіктердің жұртынан басқа жерлердің барлығын өртеп 
жібереді. Перғауын түсін балгерлерге жорытқанда, олар: «Исраил 
ұрпақтарынан түбіңе жететін бір бала туылады», – дейді. Мұны 
естіген перғауын қатты қорқып, исраилдіктерге қатысты 
жантүршігерлік заң шығарды. Перғауын олардан туылған ер 
балаларды өлтіруді бұйырды. Сонымен, перғауынның пәрмені 
бойынша жүкті әйелдер бақылауға алынды. Әйел қыз туса, 
нәрестені тірі қалдырып, егер ер бала дүниеге келсе, сол мезетте 
өлтірілетін. Сондай-ақ кіндік шешелерге қысым жасап, әрбір 
босанған әйел туралы хабар беруді тапсырды, хабар бермеген 
жағдайда оның өзін құртатын. Сөйтіп, кіндік шешелер әрбір 
туылған баланың хабарын мысырлықтарға жеткізіп отырды. 
Бірақ кейін перғауын құлдардың азайып кетуіне байланысты бір 
жылы туылғандарды өлтіріп, бір жылы туылғандарды аман 
қалдыруға шешім қабылдайды. Сөйтіп, мерзімді жылы туылған 
1
«Қасас» сүресі, 4-аят. 


177


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет