Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет145/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
тағала: «Ол – құлым Юнус. Әмірімді күтпегені үшін теңіздегі 
бір балықтың қарнына қамап қойдым», – деді. Періштелер: 
«Ол ізгі амалдары күні-түні Өзіңе көтерілетін игі пенде ме?» – 
деп сұрады. Аллаһ тағала: «Иә», – деп жауап берді. Сонда 
періштелер оған ара түсті де, Аллаһ тағала китке оны 
жағалауға шығарып тастауды бұйырды», – деген
1

Аллаһ тағала:
«Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман 
келтіргендерді осылай құтқарамыз»
2
, – дейді. 
Сағд ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні 
Пайғамбардың (с.а.с.): «Аллаһтың онымен дұға қылынса, 
жауап қататын, сұралса, нәсіп етілетін есімі – Юнус ибн 
Маттаның дұғасы», – деп айтып жатқанын естіп: «Уа, 
Аллаһтың елшісі! Тек Юнустың өзіне ғана ма, жоқ барлық 
мұсылмандарға да арналған ба?» – деп сұрағанымда: «Ол 
арнайы Юнуске және жалпы мүміндерге арналған. Сен Аллаһ 
тағаланың «Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа 
ешбір құдай жоқ. Сен пәксің. Шын мәнінде, мен 
қателесушілерден болдым», – деп жалбарынды. Тілегін 
қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман 
келтіргендерді осылай құтқарамыз» деген сөзін оқымадың ба? 
Кімде-кім осы дұғамен Аллаһқа жалбарынса, (Аллаһ оны 
құтқарады)», – деді», – деген
3

Юнустың жағалауға шығуы 
Юнус күні-түні Аллаһқа дұға етумен болды. Ол жайынның 
қарнында бірнеше күн жатты. Ақыр соңында Аллаһ тағала 
1
Хадисті Ибн Жәрир риуаят еткен. 
2
«Әнбия» сүресі, 88-аят. 
3
Хадисті әт-Тирмизи мен әт-Табари жеткізген. 


171


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет