Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Шығып келе жатқан айды көргенде: «Осы – менің Раббым»



Pdf көрінісі
бет80/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

Шығып келе жатқан айды көргенде: «Осы – менің Раббым», 
– деді. Ол батқанда: «Егер Раббым мені тура жолға салмаса, 
әрине мен де адасқан елден болар едім», – деді. Шығып келе 
жатқан күнді көргенде: «Осы – менің Раббым, ол – 
үлкенірек», – деді. Ол батқан кезде: «Уа, елім! Мен сендердің 
серік етіп қосуларыңа қатысым жоқ. Ақиқатында, мен 
жүзімді аспандар мен жерді жаратқанға біржолата бұрдым әрі 
мен серік қосушылардан емеспін», – деді. Сөйтіп, елі онымен 
тартысқа түсті. Ол: «Сендер мені тура жолға салған Аллаһ 
жайында тартысасыңдар ма? Мен сендердің Оған серік етіп 
1
«Әнбия» сүресі, 71-аят. 
2
«Әнғам» сүресі, 75-аят. 


94
 
 
қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Тек Раббым бір нәрсені 
қаласа (сол болады). Раббымның білімі әрбір нәрсені 
қамтыған. Осыны ескерсеңдер қайтеді? Сендердің серік етіп 
қосқан нәрселеріңнен қалайша қорқамын, Аллаһ ешбір дәлел 
түсірмеген нәрсені сендер Оған серік етіп қосуға
қорықпасаңдар», – деді. Егер білген болсаңдар, екі топтың 
қайсысы амандыққа көбірек құқылы? Сондай иман 
келтірген және имандарына әділетсіздікті (серік қосуды) 
араластырмағандарға амандық бар әрі олар – тура 
жолдағылар.
 
Бұл – біздің Ибраһимге берген, оның қауымына 
қарсы дәлеліміз. Біз қалағанымызды дәрежелерде көтереміз. 
Ақиқатында, сенің Раббың – өте Дана, Білуші»
1
, – деп айтқан. 
Бірақ мұнда да адамдар оған қарсы келіп, ешкім иманға 
келмеді. Сонда Ибраһим екінші рет қоныс аударуға шешім 
қабылдады. 
Ибраһим Мысыр жерінде 
Ол бұл жолы Мысырға келді. Сонда сол елдің патшасына бір 
әдемі әйел мен әлдебір кісінің келгендігі туралы хабар жетті. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жер бетінде Хауаны есептемегенде, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет