Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет146/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
дұғасын қабыл етіп, балық оны жағалауға тастап кетті. Аллаһ 
тағала:
«Сонда оны тақыр жерге шығарып тастадық. Ол науқас 
еді»
1
, – деп айтқан. 
Тәпсіршілердің айтуынша, жағалауға түскенде ол терісі 
түскен, жүруге шамасы келмейтін күйде еді. Ол осы қалпында 
жатқанда, таңғажайып кереметтер жүзеге асты. Жанынан бір 
ағаш өсіп шықты.
«Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік»
2
.
Ағаштың жапырағы үлкен еді, оған көлеңке түсіретін, 
денесіне жел зақым жеткізбеуі үшін жауып тұратын. Сондай-ақ 
ол хош иісті, шыбын-шіркейлерді қуатын қасиетке ие еді.
Сонымен қатар Аллаһ тағала оған бір ұрғашы бұғыны жіберді. 
Бұғы келіп, оны емізетін. Юнус әлсіздіктен айыққанға дейін 
осындай күйде жатты және Аллаһтың рақымымен аяғына тұрып 
сауығып кетті. Денсаулығы қалпына келген соң, Аллаһ тағала 
оны екінші рет еліне жіберді.
«Оны жүз мың не одан да көбірек елге жіберген едік. 
Сонда олар иман келтірді де, оларды бір мерзімге дейін 
пайдаландырдық»
3

Бұл жолы оған бүкіл қауымы иман келтірді. Пәк әрі Ұлы 
Аллаһ оған сабақ бермек болған-ды. 
Юнустың қадір-қасиеттері 
«Раббысы оны таңдап, ізгілерден етті»
4

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ешбір пенде: мен Юнус ибн 
Мәттадан артықпын деп айтпауы керек», – деген
1

1
«Саффат» сүресі, 145-аят. 
2
«Саффат» сүресі, 146-аят. 
3
«Саффат» сүресі, 147-148 аяттар. 
4
«Қалам» сүресі, 50-аят. 


172
 
 
Юнустың қиссасынан алынар өнегелер 
1. Адамдарды Аллаһқа шақырудан күдер үзбеу. Одан 
ешқандай пайда жоқ деп айтпау керек! Юнус қауымын дінге 
шақырып, олардан ешкім иман келтірмеген кезде үмітін үзген еді. 
Келер азапты ескертіп, бет бұрғанда олар иманға келді. Аллаһ 
кімді қашан тура жолға түсіретінін ешкім білмейді. Сондықтан 
Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет