Сондай-ақ Аллаһ тағаланың
Исраил ұрпақтарын әлемдерге
қалай ардақты қылғанын көрдік. Алайда Исраил ұрпағы Аллаһ
берген
артықшылықтарға
шүкіршілік
етудің
орнына,
пайғамбарларына қарсы шықты. Тіпті кейбіреулерін өлтірді.
Оларға түсірілген кітаптарға өзгеріс енгізді. Сөйтіп, Аллаһтың
қаһарына ұшырады.
Соңында Аллаһ тағала пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.)
арқылы Қияметке дейін жалғасушы Ислам дінін жіберді. Бізге
пайғамбарлардың
ең абзалы, діндердің ең жеңілін нәсіп еткен
Аллаһқа шүкір. Аллаһ баршамызға
дінімізді берік ұстануды,
мойнымыздағы міндетімізді толық орындап, уәделі жаннатқа қол
жеткізуді жазсын.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
«Адам баласы дүние салса, одан
үш нәрседен: (сауабы)
үздіксіз садақадан, пайдалы білімнен
және дұға жасайтын ізгі перзенттен басқаның барлығы
үзіледі» деген сөзінен әсер алып, бұл еңбегімізді Ақыретте де
артымыздан келіп тұратын пайдалы
білім болып қалса деген
ниетпен жазған едік. Осы кітаптың жарық көруіне атсалысқан
барша бауырларымызға Аллаһтың мейірімі жауып, Жаратқан игі
істеріне разы болсын!
Еңбегіміздің дұрысы Аллаһтың жәрдемімен қағаз бетіне түсті,
ал жаңсағы – шайтаннан, өйткені Аллаһ пен Оның елшісі қатеден
пәк.
Уа, Аллаһ! Пайғамбарың әрі елшің
Мұхаммедке сәлемің мен
игілігіңді жолда! Барлық мақтау әлемдердің Раббысына тән!