Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Қияметке сенбей, көңілдерінің ауғанына ергендер



Pdf көрінісі
бет158/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

Қияметке сенбей, көңілдерінің ауғанына ергендер (Қияметке 
сенуден) тоспасын. Онда құрисың», – деп дыбысталды»
1
, – 
делінген. 
Сонымен қатар бұл көрініс Құранда:
«Ол жерге келген сәтте, қасиетті жердегі ойпаттың оң 
жағындағы ағаштың жанынан: «Ей, Мұса! Рас, Мен – 
әлемдердің Раббысы Аллаһпын», – деп дыбысталды»
2
, – деп 
сипатталған. 
Аллаһ тағала пайғамбарымен тікелей тілдесіп одан:
«Ей, Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?» – деп сұрады. 
Әлбетте, Аллаһ тағала оның не нәрсе екенін жақсы білетін еді. 
Мұса: «Ол – асатаяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма 
жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да қажеттіліктерім 
бар», – деп жауап берді. Аллаһ тағала: «Ей, Мұса! Оны таста», – 
деді. Ол (таяқты) тастады. Сонда ол жылан болып 
жорғалады»
3

Бұл жайт Құранның басқа бір аятында: «Таяғыңды таста!» 
Сонда оны ирелеңдеген жылан көріп, бұрылып артына 
қарамай қашты. «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Шынында, 
сен қатерсіздерденсің!» – (дедік)»
4
, – деп баяндалған. 
1
«Таһа» сүресі, 11-16 аяттар. 
2
«Қасас» сүресі, 30-аят. 
3
«Таһа» сүресі, 17-20 аяттар. 
4
«Қасас» сүресі, 31-аят. 


186
 
 
Яғни таяғы ирелеңдеген алып жыланға айналып, жорғалай 
бастағанын көрген Мұса зәре-құты қалмай қорқып кеткен-ді. 
Сонда оған Аллаһ тағала: «Оны ұста, қорықпа! Оны әуелгі 
қалпына қайтарамыз»
1
, – деп тіл қатты. 
Осылай Аллаһ тағала Мұсаға әлгі алып жыланды қолымен 
ұстауды бұйырды. Үлкендігінен үрейленген Мұса жүрексіне 
оның құйрығынан ұстайды. Жылан қайтадан асатаяққа айналып, 
қалпына келді. 
Аллаһ пен пайғамбардың арасындағы тілдесу Жаратушының: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет