Паллиативті көмек алатын науқастар туралы мәліметтер базасын жүргізу. Паллиативті көмекті қалыптастырудағы мейірбикенің рөлі. Паллиативті көмектің аспектілері. Онкологиялық аурулармен науқастарға паллиативтік жәрдем ұйымдастыру


Онкологиялық кабинет медбикесі жұмысының ерекшелігі



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі21.87 Kb.
#451538
1   2   3
Паллиативті симуляция-5 сабақ

Онкологиялық кабинет медбикесі жұмысының ерекшелігі

Онкологиялық кабинет медбикесінің міндеттері:



  • Ауруларды тіркеу медбикесінің міндеттері:

  • Амбулаторлық жағдайлардағы оперативті араласуларды жүргізуге қатысу және оларды есепке алу журналын жүргізу;

  • Басқа ЕАМ медициналық қызметкелерін обырдың ерте кезеңдегі көзге көрінетін белгілерін анықтау үшін алдын алу тексерістерін жүргізуге үйрету;

  • Санитарлы-эпидемиялы тәртіпті ұстану;

  • Тоқсан сайын учаскелік медбикелермен онкологиялық аурулар бойынша құжаттамаларды салыстырып, тексеру;

  • Ауруханаға жатқызылған науқастарды, цитологиялық және гистологиялық зерттеулерді, түрлі зерттеулерге жолдамаларды (УДТ, рентгенография және т.б.) есепке алу журналдарын жүргізу. Онкологиялық диагноз расталған жағдайда № 330-бу формасы (1-қосымша) толтырылады «Диспансерлік бақылау картасы (ОНКО)».

Онда келесі ақпараттар белгіленуі керек:

  • Мекен-жайы; бұл параметр, бұл онкопатологияның пайда болуының, әсіресе, экологиялық себептерін зерттеу үшін қажет;

  • Ұлты, кейбір сырқаттар көбінесе белгілі популяцияға жататын генотиптерде пайда болады. Мысалы: тері меланомасы көбінесе солтүстүкте тұратын, пигменті аз адамдарда кездеседі;

  • Мамандығы; сирек кездесетін ісік – плевраның қатерлі мезотелиомасы 70-80% жағдайларда ұзақ уақыт асбестпен жұмыс істейтіндердің кәсіби ауруы;

  • Диагноздың қойылуына дейінгі айларға созылған зерттеу ұзақтығы; бұл ақпарат онкологиялық ауруларға көрсетілген диагностикалық көмектің сапасын білу үшін қажет; онкологиялық ауруларды тексеруге берілетін мерзім алғашқы дәрігерге көрінген күннен арнайы емді алғанға дейінгі 1 ай; анус жолының қатерлі ісігі кезінде тік ішекті саусақпен зерттеуді қажетсінбеген жағдайда бұл мерзім 3 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін;

  • Диагнозды қою мерзімі мен растау тәсілі;

Клиникалық топты анықтау:

  • Іа – онкологиялық ауруға күдікті науқастар;

  • Іб – ісік алды сырқаттары бар науқастар (түйінді мастопатия, адематозды асқазан полипі және т.б.);

  • ІІ – арнайы ем жүргізілетін қатерлі ісіктері бар науқастар;

  • ІІа – радикальды ем жүргізілетін қатерлі ісіктері бар науқастар;

  • ІІІ – қатерлі ісіктен айыққан (қайта өршуі және метастаздары жоқ) сау адамдар;

  • ІV – қатерлі ісіктің соңғы кезінде симптоматиялық ем ғана жүргізілетін науқастар (науқастарды клиникалық топтарға жіктеу диспансерлік есепке алу жұмысын жеңілдетеді. Емдеу және бақылау кезінде бір клиникалық топтан екінші топқа ауыстырылуы мүмкін)

  • №030 – бу формасының жоғарғы жағында келесі щифр жазылады: мекен-жайы (қала-Қ, ауыл-А), АХЖ-10 бойынша ауру коды, жынысы, жасы. Егер ІV немесе ІІІ кезеңдегі науқастар көзге көрінетін ісік анықталған жағдайда №027/2/у «Науқасты қатерлі ісіктің асқынған түрінің анықталуының хаттамасы (ІV клиникалық топ)» (2қосымша) толтырылады. Барлық жағдайлар дәрігерлер конференциясында қабылданады және аурудың асқынуының себептері туралы ұйымдасқан шешім шығарылады. Қосымшада берілген хаттаманың беткі парағын медбике толтыра алады. Хаттама екі данада толтырылып, бір данасы онкологиялық диспансерге жіберіледі. Онкологиялық ауру диагнозы растталғаннан кейін 3 күннің ішінде у сол аймақтағы халыққа қызмет көрсететін онкодиспансерге №090/у «Науқастың өмірінде алғаш рет анықталған қатерлі ісік немесе басқа қатерлі жаңа түзіліс диагнозы жайлы хабарлама» (3қосымша) жіберілуі тиіс. Хабарлама арнаулы және жүйелі тексерулер медициналық куәландыру, күндізгі емдеу бөлімшесіндегі тексеурлер, операция, мәйітті ашу кезінде және т.б. анықталған науқастарға толтырылады. Онкологиялық мекемелерде бұл құжаттарға арнайы код қояды. Ісік қаупі және ісік алды аурулары бар науқастарға хабарлама толтырылады. №090/у формасы ұқыпты және түсінікті етіп толтырылуы керек, жазулар арнайы ақпаратқа код қойылатын шаршыларды баспау қажет.

  • Отбасылық дәрігерді қатерлі ісігі бар науқасты мекен-жайы бойынша қарау қажеттілігі, симптоматикалық емдеу үшін жеңілдікпен немесе басқа жағдайда дәрігер беру т.б. бойынша ақпараттандыру үшін хабарлама толытырылады (4қосымша). Егер кеңес беру немесе арнайы емдеу орындарында оперативті емдеу, жоспар құру, жаңа дәрілер тағайындалу қажет болса науқас онкологиялық диспансерге жолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда арнайы жолдама рәсімделеді (5 қосымша). Мүгедектікті белгілеу үшін, мүгедекке арналған жеке оңалдыру бағдарламасын құру үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолданып, №088/у формасы рәсімделеді (6 қосымша). Бұл құжатта емделуші ауруының клиникалық болжамы нақты көрсетілуі тиіс, себебі, бұл мәлімет мүгедектік тобын анықтауға әсер етеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет