«Паллиативті көмек көрсетудегі мейірбикенің рөлі»



бет3/3
Дата19.03.2024
өлшемі0.63 Mb.
#496115
1   2   3
айман курсьық жұмыс презентация

Айлар

2020 жыл

2021 жыл

Қаңтар айы

52

49

Ақпан айы

43

35

Наурыз айы

40

48

Сәуір айы

41

42

Мамыр айы

40

44

Маусым айы

28

64

Шілде айы

9

45

Тамыз айы

48

39

Қыркүйек айы

44

48

Қазан айы

48

60

Қараша айы

41

55

Желтоқсан айы

51

62

Барлыгы

485

591

Атырау облыстық онкологиялық диспангердің паллиативтік бөлімде
2021-2023 жылдар аралығында емделіп шыққан науқастар есебі
Бұл сауалнама жүргізу, мейірбикелердің ой санасын, пікірін анықтау арқылы зерттеу жұмысына қол жеткізуге болады.Сауалнама бөлімшелер бойынша қызмет атқаратын жиырма екі мейірбикеден алынды. Сауалнама алынған мейірбикелер жасы 20-57 аралығында.
Мейірбике міндеттері: Паллиативті көмек көрсетуді теориялық және құқықтық аспектілер жағынан зерттеу.Емделмейтін паллиативті науқастардың жиі кездесіп тұратын мәселелерін талқылап отыр. Сауалнаманың мақсаты паллиативті көмек көрсететін мейірбикенің рөлін зерттеу, науқаспен қалай жұмыс атқарады, олардың білімін бағалау.
Сауалнамаға 22 мейірбике қатысты.
Диспансерде мейірбикелердің барлығы дерлік әйел адамдар. Ер адамдар жоқ. Мейірбикелердің 100 % әйел адамдар болып есептеледі. Зерттеу бағытында емхана бойынша он бір мейірбике, паллиатив бөлімі бойынша он бір мейірбике сауалнамаға жауап беріп отыр.
Мейірбикелердің көпшілігі жастар. Барлығы 22 мейірбике. Екі бөлімше бойынша қырық елу жас аралықтағы мейірбикелер саны аз, ал басым көпшілігі жастар. Жастар болғанменде жұмыс барысында өз қызметтерін жауапты түрде атқарады.
Респонденттер паллиативті бөлім және емхана бөлімі бойынша жұмыс өтілдері жағынан да, көпшілігі жастар екені көрініп тұр. 10 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар мейірбикелер өз білген көргендерімен жас буын мейірбикелерімен бөлісіп,ақыл кеңестерін беріп отырады.
Бакалавр және магистрлік әзірге жоқ деп есептеледі, әлі аяқталмағандықтан.
Жоғары оқу орынында онкологиялық диспансер бойынша 5 қызметкер білім алуда. Бес қызметкердің үшеуі Атырау Жоғары Медициналық Колледжісінде білім алуда. 2022 жылы ақпан айында екеуі білімін аяқтайд. Бір қызметкер 2021 жылдан бастап оқуда. Екі қызметкер Оренбург және Алматы қаласында білім алуда, 2022 жылдың соңында оқуларын аяқтайды.
Мамандардың біліктілік санаты бойынша сараласам екі бөлім бойынша да
мамандар жоғары бірінші екінші санатты тек жаңадан келген мамандар
санат алуға еңбек өтілі толмауына байланысты
Респонденттер көпшілігі бір жарым ставкамен жұмыс атқаруда. Паллиатив бөлімінде мейірбикелер басым көпшілігі кезекшілікпен жұмыс атқарады. Күндізгі уақытта тек ем қабылдау мейірбикесі және аға мейірбике жұмыс атқарады. Ал емхана мейірбикелерінің барлығы дерлік күндізгі уақытта жұмыс атқарады. Күндізгі уақытта жұмыс көптігіне байланысты басшылық әр қызметкер жұмысын бағалап 1,5 ставка төлеуді құптаған.
Паллиатив мейірбикелерінің көпшілігі өз жұмыстарына қанағат екенін, жұмыстарын жақсы көретіндіктерін көрсетті. Ал емхана мейірбикелерінің ішінде, екі қызметкер жұмыстарына көп қанағаттану жоқ екенін белгілеген. Емханада көп науқастар жан жақтан келеді, жас мейірбикелердің көп тәжірибесі болмағандықтан науқастармен сөйлесу қиынға түседі.
Паллиатив мейірбикелерінің көпшілігі өз жұмыстарына қанағат екенін, жұмыстарын жақсы көретіндіктерін көрсетті. Ал емхана мейірбикелерінің ішінде, екі қызметкер жұмыстарына көп қанағаттану жоқ екенін белгілеген. Емханада көп науқастар жан жақтан келеді, жас мейірбикелердің көп тәжірибесі болмағандықтан науқастармен сөйлесу қиынға түседі.
Паллиатив бөлімі мейірбикелері өз қызметтеріне байланысты болған соң, семинарларға уақытымен қатысып отырады. Ал емхана бөлімі мейірбикелері, паллиатив бөлімінде қызмет атқармағандықтан, жас буын мейірбикелері семинарға қатысуға көп құлшыныс көрсете қоймайды. Онкологиялық диспансердегі жұмыс барлық қызметкерге ортақ болғандықтан, семинарларға түгелдей қатысуын қадағалауға тырысамыз
Паллиатив респонденттері көпшілігі тренингтер өткізуді құптады. Ал 2-і тренинг өткізуді құптамады. Мейірбикенің 3-і тренингті жиі өткізуді қалады.
Емхана мейірбикелерінің 4-і тренингті құптады. Емхана мейірбикелерінің 3-і тренинг өткізуді қаламай, жоқ деген жауап берді. Емхана мейірбикелерінің 4-і тренингті жиі өткізгенді қалап отыр.
Паллиатив респонденттері көпшілігі семинарға қатысуға дайын екендігін көрсетті. Ал емхана мейірбикелері, паллиатив бөлімінде жұмыс жасамағандықтан семинарға қатысуға 11 мейірбикенің 4- уі қатысқылары келмейтінін көрсеткен. Ал екі мейірбике жауап беруге қиналатынын көрсеткен, оның себебі, мейірбикенің паллиативтік бөлімде қызмет атқармағандығының белгісі деп ойлауға болады
Паллиатив мейірбикелерінің көпшілігі алгоритммен, манипуляциялармен жұмыс жасап жүргендерін көрсетті. Емхана мейірбикелері паллиатив бөлімінде жұмыс атқармағандықтан бес мейірбике алгоритмді білетінін, қалған алты мейірбике алгоритм білмейтінін алға тартты.
Паллиативті бөлім болғандықтан жағымды әсерлер көп болмайды, мейірбикелерге көп шыдамдылық қажет болады. Мейірбикелер жұмыс барысында әр түрлі қиындықтарға, риза емес науқас туыстарымен сөйлесу де үлкен қиындық тудырады. Қандай қиыншылықтармен жұмыс атқарып жүрсе де, паллиатив бөлімі мейірбикелері, жағымды әсер қалдыратын кездер болғанын көрсеткен. Науқастарға ем берген кезде, науқастың көк тамырына еш кедергісіз ем беру, ол да жағымды әсердің бір бөлігі деп ойлаймын, көп химия терапия емін алған науқастардың көк тамыры тарылып, күйіп кететін кездер көп кездеседі. Емхана мейірбикелері, паллиатив бөліміндегі көптеген жағдайлардан бейхабар болады. Емхана мейірбикелері паллиативтік науқастармен, аз ғана уақыт болады, олардың қиналған кездерін көп көрмейді, тек ауруханаға жатар алдында жолдама беру кезінде 15-20 мин аралығында көреді, науқастармен жақын қарым қатынаста болып үлгермейді.
Паллиативті науқастар жағдайлары ауырлаған сайын агрессия көрсетеді. Туыстарымен қарым қатынас,оларға психологиялық көмек көрсету де мейірбикелерге жүктелген. Паллиативті бөлімде қызмет жасайтын мейірбикелер, біліммен, шыдамдылықпен қоса жылдамдық қажет. Мейірбикелердің жауап бергеніне қарағанда көбіне науқастармен қарым қатынаста қиындық болатынын көрсеткен. Туыстармен қарым қатынаста да қиындықтар туындайтынын көрсеткен. Емхана мейірбикелері барлық сұраққа да, науқастармен жұмыс жасамағандықтан о санын көрсеткен.
Паллиативті бөлімге мейірбике қызмет бабына қарай, ауыстырылады, ары қарай науқастармен жұмыс атқарған сайын, науқастарға мейірбике өзінің қажет екенін түсініп, шын көңілмен көмегін көрсетеді. Паллиативтік бөлімде жұмыстың қиындығына қарамастан, жеті мейірбике өз еркімен келгенін көрсеткен. Емхана мейірбикелері паллиатив бөлімінде қызмет атқармаса да,паллиатив бөліміне өз еркімен алты мейірбике келгісі келетінін көрсеткен. Емхана мейірбикелерінің ішінде бес мейірбике еріксіз түрде баратынын жазған.
Паллиатив бөлімі мейірбикелерінің басым көпшілігі өте жақсы деп белгіледі. Ол да мейірбикелердің жұмысына жауапты екендігін аңғартады. Үш мейірбике өз білімдерін орташа деп белгілеген, бұл олардың өзіне деген сенімсіздігінің белгісі деп ойлаймын. Қанағаттанарлық деген екі жауап, бұл да мейірбикенің өзіне деген сенімсіздігінің белгісін көрсетеді. Емхана мейірбикелерінің ішінде бес мейірбике өте жақсы деп көрсеткен. Ал төрт мейірбике өз білімін орташа, екі мейірбике қанағаттанарлық деп көрсеткен.
Екі бөлімше бойынша, мейірбикелер білімдері бірдей деген қорытынды жасадым.
Екі бөлімше мейірбикелері де жүз процентке көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Облыстық онкология диспансерінде жұмыс атқарудың басты мақсаты, науқастарға дұрыс ем шара беріп,дұрыс көмек көрсету.
Паллиатив бөлімі мейіргерлері қосымша білім алуды түгелдей құптады, бес жыл сайын оқытумен қатар, басқа қалаға да мейіргерлерді жіберіп, білім, тәжірибе алмастыру дұрыс деп ойлаймын. Паллиатив бөлімі мейірбикелері, паллиативтік науқастармен жұмыс жасағандықтан білімдерін ұштастыруды жөн көріп отыр. Емхана бөлімі мейірбикелерінің алтауы қосымша білім алудың пайдасы барын жазған. Қалғандары пайдасы жоқ, жауабым жоқ деген жауаптар көрсеткен. Бұл жауап мейірбикенің жұмысқа деген құлшынысының аздығын көрсетеді. Қосымша білім алудың зияны жоқ деп ойлаймын.
Паллиативті бөлімдегі мейірбикелердің басым көпшілігі қызметтерін өзгертуге құлшыныс көрсетпеді, яғни өз жұмыстарын жақсы көретіндігін көрсетті. Тек қана екі мейірбике ауыстыруға қарсы еместігін көрсеткен. Жұмыстарын ауыстыруға қарсы емеспін деп жазған мейірбикелер, әлі де онкологиялық науқастармен тығыз қарым қатынаста болмағандары, жас екендіктерін көрсетеді. Науқастармен тығыз қарым қатынаста болған мейірбикелер жұмыстарын ауыстыруға құлшыныс көрсетпейді деп ойлаймын. Емхана мейірбикелері паллиативті бөлімде жұмыс жасап көрмегендіктен, барлығы дерлік жұмыстарын ауыстыруға қарсы емес екендіктерін көрсеткен
Мейірбикелердің жауаптары тепе теңдік көрсетіп тұр, бұл жазылған үш қасиет те, мейірбикеге қажетті қасиеттер, мейірімде, төзімділік те, жауапкершілік те болғаны дұрыс деп ойлаймын. Паллиативті бөлімде қызмет атқарғандықтан мейірбикелерге ең қажетті қасиет жауапкершілік деп ойлаймын.
Паллиативті бөлімдегі мейірбикелердің барлығы психологиядан хабары болуы қажет, науқас тынымсызданып жатқан кезде, психолог шақырылады, психолог келгенде оның қызметін мейірбике атқарып үлгереді. Емхана мейірбикелері паллиатив бөлімінде жұмыс жасамағандықтан барлығы дерлік жоқ деген жауап жазған. Емхана мейірбикелері паллиатив бөлімінде науқастарға психологиялық көмек көрсетпесе де, емханаға қаралуға келген науқастарды тыныштандырып, психологиялық көмек көрсете алады. Онкологиялық диспансерде жұмыс атқаратын мейірбикелердің барлығы науқастарға психологиялық көмек көрсету керек деп ойлаймын.
Мейірбикелер арасында жұмыс сапасын бағалау мақсатында сауалнама жүргізілген. Сауалнамаға паллиативтік бөлімшеден 11 мейірбике, емханада қызмет атқаратын 11 мейірбике қатысқан. Барлығы 22 сауалнама дайындалды. Олардың басым көпшілігі 25- 40 жас аралығында, еңбек өтілі 20- 30 жылға жуық, орта білімді мамандар. Барлығы дерлік өз жұмыстарына қанағат екендігін көрсеткен және бекітілген алгоритммен жұмыс жасауды қалайды. Паллиативтік бөлімдерде жұмыс атқаратын мейірбикелер науқастармен жұмыс жасауға қарсылық көрсетпейді. Айықпас дертпен алысқан науқастардың эмоциялық, агрессиялық жағдайларына түсіністікпен қарайды, шыдамдылық танытады. Барлығы да білімдерін жетілдіруге ынталы, өз істеріне жауапкершілікпен, шын ықыласпен қызмет атқаруға бейімделген,мамандар ретінде бағаланады. Емханадағы мейірбикелер күнделікті қызметтерінде паллиативті науқастармен тек дәрігер қаралуында қарым қатынаста көргендігі болмаса, тікелей олардың эмоциялық, ауырсыну деректерін, немесе ауыру тарихынан бейхабар болғандықтан да, осындай науқастармен қызмет жасаудан тартыншақтайды немесе үзілді кесілді бас тартады, тіпті жұмыстан шығып кетулері мүмкін екендігін талаптайды.
Сырқат адамға қажетті медициналық көмектерді көрсету үлкен ізгілікті іс. Онкологиялық диогнозы бар, бірнеше химиялық және сәуле жіберу арқылы ем алу кезеңдерінен өткен, қатерлі ісікпен арпалысып шаршаған науқастарға жүйелі және уақытылы шаралар жүргізудің бір саласы паллиативті көмек көрсету әдісі болып табылады. Онкологиялық емханалар құрылымында мобильдік паллиативтік топтар құрылып, жазылмас дерттен ауырып жатқан науқастардың қайғы қасіретін жеңілдету барысында медициналық көмектен басқа, мақсаты моральдік, этикалық, психикалық, адамгершілік көзқараспен қызмет көрсетуге негізделген.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет