«Паллиативті көмек көрсетудегі мейірбикенің рөлі»


Мейірбике паллиативті күтім жасау алдында келесі қағидаларды білуі қажет



бет2/3
Дата19.03.2024
өлшемі0.63 Mb.
#496115
1   2   3
айман курсьық жұмыс презентация

Мейірбике паллиативті күтім жасау алдында келесі қағидаларды білуі қажет.
1.Өлімді табиғи үрдіс ретінде қарап өмірді бекіту.
2.Ауруды жеңілдету, қайғысын азайту.
3.Рухани, психологиялық аспектілерді қарастыру.
4.Науқастың соңғы сапарына дейін, өмір сүруіне көмектесу.
5.Емделушінің соңғы күніне дейін, туысқандарына қолдау көрсету, жақсылық жасау.
6.Емделушінің пікірін силау, мысалға емнен, тамақтан бас тартып жатса.
7.Мейірбикелік емдерді тиімді қолдану.
Қатерлі ісік ауруы паллиативті көмекке байланысты ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады, өйткені симптомдар да, емдеу де сіздің өмір сапаңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Паллиативті қатерлі ісік ауруы емдеу түріне, сондай-ақ белгілеріне, емделуіне, жасына және болжамына байланысты өзгереді.
Қатерлі ісік ауруларына арналған паллиативті көмек көбінесе депрессия немесе мазасыздықты емдеу әдістерін және отбасы мүшелеріне болашақты жоспарлауға көмектесетін құралдарды қамтиды.
Онкологиялық көмек көрсетуді дамыту жоспарын 2019 жылы Астана, Петропавл, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында паллиативтік көмек орталықтарын құруды, одан кейін Талдықорған, Алматы, Орал, Атырау, Шымкент және Тараз қалаларында паллиативтік көмек көрсететін онкологиялық орталықтарды ашуды қарастырды. Бүгінгі күні паллиативтік көмекке арналған 150 - ге жуық орын осы жоспар аясында қамтамасыз етілді.Бүгінгі таңда 11 мекеме стационарлық, соның ішінде хоспистер, мейірбике ісі орталықтары және симптоматикалық емдеу және паллиативті көмек көрсету бөлімшелері ұсынылды.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің 27 қараша 2020 жылғы № 209/2020 «Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде 2021 жылы мобильдік топ жұмысын бастады. Күні бүгінде топ есебінде 45 науқас тіркеліп көмек көрсетілуде
Паллиативтік медициналық көмек көрсететін топтың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:
1) ауыр және жазылмайтын ауру (жай-күйі) пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
2) радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде жазылмайтын пациенттің ауруының (жай-күйінің) ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттер);
3) жазылмайтын ауру пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету;
4) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту;
5) медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет