Паллиативтік науқастарға үйде күтім жасау бойынша жалпы ұсыныстарды білуі тиіс


Паллиативтік көмекті жəне мейірбике күтімін көрсету тəртібі



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата16.05.2024
өлшемі181.7 Kb.
#501283
1   2   3   4   5
теория 21.docx

Паллиативтік көмекті жəне мейірбике күтімін көрсету тəртібі
Паллиативтік көмекті жəне мейірбике күтімін көрсету үшін науқастарды ауруханаға жатқызу
үшін мыналар айғақтар болып табылады.


Науқастарға паллиативтік көмек жəне мейірбике күтімі стационарлық көмек жəне стационарды
алмастыратын көмек нысанында көрсетіледі.
Паллиативтік көмекті жəне мейірбике күтімін көрсету нысанындағы стационарды
алмастыратын көмек бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін білікті
медициналық көмек жəне мейірбике күтімі түрінде жүзеге асырылады.
Пациентке мейірбике күтімін көрсету кезінде күндізгі стационардың (емхананың) жəне үйдегі
стационардың орта медицина қызметкері күн сайын күтімді жүзеге асырады.
Психологиялық жəне моральдық қолдау түріндегі паллиативтік көмек емдеудің басқа да
түрлерімен қатарлас кез келген созылмалы, инкурабелді аурудың ерте сатысында жүзеге
асырылуы мүмкін.
Паллиативті қызметтің ең негізгі бөлігі – ол үміт. Тек қана емделу кезінде ғана үміттің сақталуы
мен емделушіні жаман хабардан қорғау бірінші орынға шығады. Емделуші бала болған жағдайда,
оны қорғау əрекеті күшейе түседі. Көп жағдайда оның ата-анасы, медбикелер мен дəрігерлер оның
алдында аурудың болашағын жорытпайды, өйткені тек сонда ғана баланың сауығып кетуге үмітін
əрі қарай жалғайды деп ойлайды. Бірақ осының өзінде зерттеулердің нəтижесі бойынша, тіпті
кішкентай бүлдіршіннің өзі өз ауруының қаншалықты ауыр екенін сезінеді, ал бұл тақырыпта
баламен ашық сөйлесу оның қорқынышын басады екен... Балалар ауруға байланысты өз сезімін
жеткізу үшін паллиативті қызмет көрсететін мамандар жоғарғы санатты білікті болуы тиіс. Емделу
кезінде мамандар баланың ойын, əн, жəне де басқа əдістер арқылы ішкі-жанын ұға алады.
Науқасты емдеудегі ең бір негізгі жəне қажетті бөлімінің бірі науқасты күту.
«Күтім»- дененіміз науқастардың қасіретін жеңілдетіп, олардың тез жазылуын, асқынуларын
алдын-алу үшін қолданылатын емдік, алдын-алу шараларының, санитарлы-эпидемиялық тəртібтер
жиынтықтары. Кейбір ауруларда, соның ішінде миокард инфарктісінде, инсультте жəне
т.б.ауруларда науқастардың физикалық қозғалу жəне өзін-өзі күту қабілеті шектеледі.
Кейбір науқастар басқа адамсыз өзін күте алмайтын, тамақ іше алмайтын, жуына алмайтын,
төсекте қалпын өзгерте алмайтын жағдайда болады. Теріні, ауызды күту, дұрыс тамақтандыру,
уақытында іш-киімдерін ауыстыру, критикалық кезде жедел көмек көрсету (қызу, ес-тану, жүрек
орнының ұстамалы ауруы), санитарлы-эпидемиялық тəртібін орындаудың барлығы- медициналық
мекемелерінің тазалығын сақтау үшін жəне жұқпалы аурулардың пайда болып, таралуына жол
бермеу үшін жасалынады. Бұның бəрін бір сөзбен айтқанда «науқасты күту» немесе
«мейірбикелік процесс» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет