Папка №1 нормативтік-қҰҚЫҚТЫҚ ҚҰжаттар бекітемін: Келісемін: Қаралды: «Набережный жббм»


БЕКІТЕМІН: «Набережный ЖББМ» КММ басшысының м.а Н.К.Жусупова



бет2/17
Дата05.02.2024
өлшемі195.5 Kb.
#490809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Папка №1 Сынып жетекшінің құжаттары (2)

БЕКІТЕМІН:
«Набережный ЖББМ» КММ
басшысының м.а Н.К.Жусупова

_____________________
«__» _________ 2023 ж.


Сынып жетекшісі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже ҚР Конституциясына, «Білім туралы» ҚР Заңына, ҚР білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасына, ҚР Білім беру ұйымдарында тәрбие берудің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасына, әкімшілік, Еңбек және заңнамаға; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына, сондай-ақ білім беру мекемесінің жарғысымен анықталатын мектептің стратегиялық даму талаптарына, мекеменің жылдық және перспективалық жоспарлары негізінде даму бағдарламасына сәйкес әзірленді.
1.2. Сынып жетекшісі білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Оның жұмысына тікелей басшылықты басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
1.3. Сынып жетекшілігі-сынып оқушыларының ұжымында баланы тәрбиелеуге бағытталған мұғалімнің кәсіби қызметі. Сынып жетекшісі – әр баланың жеке өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасайтын және мектептің білім беру процесінде өз қызметін жүзеге асыратын сынып ұжымының әртүрлі тәрбиелік іс-әрекеттері арқылы қоғам мен бала арасындағы қатынастар жүйесін ұйымдастыратын кәсіби мұғалім.
1.4. Сынып жетекшісі өз қызметінде бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияны, ҚР Конституциясын, ҚР Заңдарын, білім алушылардың білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша барлық деңгейдегі білім беруді басқару органдарының шешімдерін; әкімшілік, Еңбек және шаруашылық заңнамаларын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, басшының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
1.5. Сынып жетекшісі өз қызметін әкімшілікпен, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарымен, ата-аналармен (балалардың заңды өкілдерімен), сынып және жалпы мектептік ата-аналар комитеттерімен, әлеуметтік педагогпен, психологпен, ұйымдастырушы-педагогпен, қосымша білім беру педагогтарымен тығыз байланыста жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет