Паркинсон ауруы жайлы түсінік Эпидемиологиясы



бет2/4
Дата09.04.2022
өлшемі37.68 Kb.
#456636
1   2   3   4
№38 Тасқұл А.Ж

Клиникалық көрінісі

  • Брадикинезия (баяу қимылдауы)

  • Бұлшықет ригидтілігі

  • Тыныштық жағдайда ретті стереотипті тремор

  • Пропульсия, ретропульсия, латеропульсия

  • Ауалы жастық симптомы

  • Қарсыласу феномені

  • Қуыршақ жүрісі

  • Бір қалыпты баяу сөйлеу

  • Жазудың өзгеруі микрография

  • Гипомимия


Негізгі клиникалық көрінісі акинетико- ригидті немесе гипертонико –гипокинетикалық синдромдармен көрінеді. Ол өз кезегінде келесідей триададан тұрады: брадикинезия ,бұлшықет ригидтілігі, тремор.
Науқаста өзіндік бүгілген поза пайда олады: басы және денесі алға қарай еңкейген, қолдары шынтақ, қәріжілік-білезік және фалангалық буындарда бүгілген. Сөйлеуі ақырын, монотонды, модуляциясыз, сөздің соңында ақырындап өшіп қалады (затухание). Жүру кезінде қолды қалыпты сілтеп жүру қасиеті жоқ (ахейрокинез).+


Постуральды тұрақсыздық-сырқат жүріп келе жатып тоқтаған кезде аяқтарының қимылын тежей алмай бір орында таптап тұрып қалады.Осы кейіптен қайтадан жүріп кету мүмкіндігі де қиын болады.Егер сырқатты арқасынан нұқып қалса,ол сол бетінде алға қарай ұмтыла жүріп кетеді (пропульсия),бүйірінен түртіп қалғанда сол бағытта өзін-өзі ұстай алмай қозғала береді (латеропульсия),кеудесінен итеріңкіреп жіберсе артқа қарай жылжи береді (ретропульсия).
Діріл(тремор)- Паркинсонизмге тән көріністердің бірі. Әрдайым болатын, ретсіз, санамен реттелуге бағынбайтын, қол, бет бұлшықетінің, бас және төменгі жақтың, тілдің тыныштық кезінде дірілдеуімен көрінеді. Тремор жүру кезінде және басқа да белсенді қозғалыс кезінде жоғалады. Діріл жиілігі 4-6 рет секундына. Дірілдеу мазасыздану, уайымдау кезінде күшейе түсіп, бірақ ұйқы кезінде жоғалады.
Гипокинезия — спонтанды қозғалыс белсенділігінің төмендеуі.Науқас сағаттап қозғалыссыз отырып қалуы мүмкін. Жалпы байлану тән. Активті қозғалыстардың біраз уақыттан кейін созылыңқы болуы— брадикинезия. Науқас кішкентай қадамдар жасайды,тобықтары бір біріне параллельді орналасады — қуыршақ жүрісі. Беті маскатәрізді (амимия), қарауы мұздатылған, кейде жыпылықтау байқалады. Күлу,жылау гримасасы кеш басталып кеш қайтады. Паркинсон ауруына « манекен позасы » тән.
Сөйлеу қабілеті төмендеген,монотонды. Микрография болады.
Бұлшықет тонусын зерттегенде бұлшықет антогоноисттердің тонусы жоғарылағандықтан қарсыласу байқалады. Мысалы, жастықсыз жатқан науқастың басын қолымызбен көтеріп ұстап тұрып, бірден жіберіп қалсақ, бас төсекке өте баяу түрде түседі. Мұны «ауалы жастық феномені» деп (феномен воображаемой подушки) деп атайды..
Гемибаллизм-дененің бір жақ жартысының өрескел қимылдауы. Мұндай қимылдар тас лақтырғандай немесе доп сілтегендей болып көрінеді.
Өрескел қимылдардың дененің екі жағынан бірдей болуын парабаллизм деп атайды. Мұндай қимылдар сирек кездеседі де суда жүзген адамдар тәрізді байқалады. Гиперкинездің бұл түрі Люис көру төмпешігі асты ядро зақымданғанда немесе оның байланыстарының (әсіресе боз шармен) бұзылуына байланысты дененің қарама-қарсы жағында білінеді. Сол себепті боз шар өзінің қызметін тежейтін Люис денесінен ажырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет