Аталмаған программалық канал- ата-процеспен құрылады, процес ұрпақтан
мұраға қалады, сондықтан пайда болған процес иерархияларында байланыстың болуын
қамтамасыз етеді.
Аталған программалық каналға міндетті түрде әлдебір каталогтың элементі және
меншікті і-түйін сәйкес келу керек. Аталмаған программалық каналдармен
салыстырғанда, аталған программалық каналдар кез келген процес байланысы үшін
қолданыла алады. (яғни бір иерархия тобына кіретін процестердің болуы міндетті емес).
Қорғаныс принциптері
Тұтынушы жүйеге енгенде login программасы тұтынушы жүйеде тіркелгенін және
дұрыс парольді білетіндігін тексереді, жаңа процес тудырады және берілген тұтынушы
үшін қажетті shell іске қосады. Бірақ бұдан бұрын login жаңадан құрылған процесс үшін
тұтынушы және топ идентификаторын орнатады.
3.2.2.10Құрылғыларды басқару
UNIX ОЖ сыртқы құрылғыларға қол жеткізу үшін әмбебап файлдың абстракциясы
қолданылады.
3.2.2.11Құрылғылардың драйверлері
Құрылғы драйвері- өзіндік статикалық мәліметтерден тұратын көпкірісті
программалық модуль , ол құрылғымен жұмыс істеуді реттей алады, тұтынушымен
тапсырыс берілген айырбастарды орындайды, құрылғылардан үзілулерді өңдейді. UNIX
ОЖ-де символды, блокты және ағынды драйверлер деп түрленеді.ъ
Достарыңызбен бөлісу: |