6.2.1.1. НУОЖ негізінде Windows NT қолдану үшін Microsoft аргументі
6.2.2.1 Windows NT жүйе үшін нақты уақыт кеңейтілуі туралы толығырақ
-NT) деп аталатын жаңа ОЖ шығара бастады.
өнімділік
Бұл қасиеттер клиент – сервер, микроядролар, объектілер сияқты құрылымды
жобалаулар технолдогияларын қолдану арқылы қол жеткізілді.
Windows NТ-да ығыстырушы көп міндетті механизм қолданылады ( preemptive
multitasking). Тізбекті басқару үшін Windows NT Server басымдықты механизмді
пайдаланады, Windows NT есептеуіш процестің симметриялы көп процессорлы ұйымды
пайдаланады, оған сәйкес ОЖ процессорлар арасындағы жадыны бөліп кез келген бос
процессор мен барлық процессорларда бір мезгілде орындалады. Windows NT Server 16
параллельді процессорды ұстанады.
Енгізу/шығару құрылғыларын басқару кезінде Windows NT асинхронды жолды
қолданады.
6.1.1. Құрылымы: NT executive және қорғалған жүйелер
Windows NT құрылымын жасағанда жеткілікті дәрежеде микроядро
тұжырымдамасы қолданылады. Осы идеяға сай ОЖ бірнеше жүйелерге бөлінеді, олардың
әрқайсысы жеке сервисті қызметтер жиынтығын орындайды, мысалы жады сервисі,
процестерді құру сервисі, процестерді жоспарлау сервисі. Мұның қалай жұмыс
жасайтынын толығырақ қарастырайық.
Құрылымы бойынша Windows NT 2 бөлік ретінде ұсынылады: (1 сурет)
1. тұтынушы режимінде жұмыс жасайтын ОЖ бөлігі
2. ядро режимінде жұмыс жасайтын ОЖ бөлігі
Ядро режимінде жұмыс істейтін ОЖ бөлігі executive – орындаушы бөлігі деп
аталады. Ол виртуальды жадыны, объектілерді (қорларды) , енгізу/шығару және файлдық
жүйені (сонымен қатар желілік қорлар), процестердің өзара әсерлесуі және қауіпсіздік
жүйелерін басқаратын компоненттерден тұрады. Бұл компоненнтер модульаралық
байланыс арқылы өзара байланысады. Әрбір компонент басқаларын мамандандырылған
ішкі процедуралар жиынтығы арқылы шақырады.
Windows NТ-ның екінші тұтынушы режимінде жұмыс істейтін бөлігі- қорғалған
жүйелер деп аталатын серверлерден құралады. Windows NТ серверлері қорғалған жүйелер
деп аталады, өйткені олардың әрқайсысы жеке жадысы басқа процестерден NТ executive
виртуальды жадыны басқару жүйесімен бөлінген процесте орындалады.
Қорғалған жүйенің тірегін Windows NТ executive орындаушы бөлігі қамтамасыз
етеді, ол ядро кеңістігінде жұмыс істейді және дискке ешқашан көшірілмейді. Онық
құраушы бөліктері:
Достарыңызбен бөлісу: