35
ауысуы. Ата-аналар өз балаларына қатысты гипертрофиялық борыш сезімін
сезінеді, бұл елеулі теріс салдарларға әкеледі (баланың жеке басының
қалыптасуы баяулайды, ата-аналар мен балалар арасындағы тұлғааралық
алшақтық пайда болады және т.б.).
Отбасында баланың үйлесімді дамуы ең алдымен құндылықтар мен
мүдделер, эмоциялық бағдарлар, дұрыс өмір сүру мен тәрбиенің жалпы
стильдерінің белгілі үндестігі болғанда ғана нәтижелі болмақ. Егер
отбасында осындай үндестік болса, онда, әрине, оның барлық мүшелерінің
арасында басқалардың жақсы жағын да, кемшіліктерін де біле отырып, бірақ
соған қарамастан, адамды сол өз қалпында қабылдау түріндегі өзара
түсінушілік пайда болады. Бақытты отбасының мүшелері бірін-бірі жақсы
түсінеді, олар басқаны толық бақылайды, мұның өзі – жақын адамдардың
өзара қарым-қатынасындағы психологиялық жақтан жақсы жағдайды
қамтамасыз ететін негізгі шарт болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: