Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет35/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
19 
 
11 ГАЗДЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН 
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 
 
11.1 Газды  өрт  сөндіру  қондырғыларды  құрылымдауға  қойылатын  қауіпсіздік 
талаптары 
 
11.1.1 Газды  өрт  сөндіру  қондырғылары  «Ғимараттарды,  үй-жайларды  және 
имараттарды  автоматты  түрде  өрт  сөндiру  және  автоматты  өрт  дабылымен,  өрт  кезiнде 
адамдарға  хабарлау  және  оларды  эвакуациялауды  басқару  жүйелерiмен  жабдықтау 
жөнiндегi  талаптар»
 
техникалық  регламентінің  4.5-бөлімінің  талаптарына  және  осы 
нормалардың талаптарына жауап беруі керек. 
11.1.2 Өрт  сөндіру  қондырғысындағы  өрт  сөндіргіш  заттардың  есептік  мөлшері 
(салмағы)  кез-келген  қорғалатын  үй-жайдағы  немесе  бір  мезгілде  қорғалатын  үй-жай 
тобында  оның  нормативтік  өрт  сөндіргіш  концентрациясын  қамтамасыз  ету  үшін 
жеткілікті болуы керек. 
11.1.3 Газды өрт сөндіру қондырғысы төменде берілген уақыттан аспайтын уақытша 
интервал  ішінде  қорғалатын  үй-жайдағы  нормативтік  өрт  сөндіргіш  концентрациясын 
жасау  үшін  талап  етілетін  өрт  сөндіргіш  заттардың  95%  кем  емес  салмағын  беруді 
қамтамасыз етуі керек: 
- 10 с – өрт сөндіргіш заттар ретінде сұйылтылған газдар (көміртектің қос тотығынан 
басқа) қолданылатын газды өрт сөндірудің модульді қондырғылары үшін; 
- 15 с – өрт сөндіргіш заттар ретінде сұйылтылған газдар (көміртектің қос тотығынан 
басқа) қолданылатын газды өрт сөндірудің орталықтандырылған қондырғылары үшін; 
- 60 с – өрт сөндіргіш заттар ретінде көміртектің қос тотығы немесе сығылған газдар 
қолданылатын  газды  өрт  сөндірудің  модульді  және  орталықтандырылған  қондырғылары 
үшін. 
Уақытша  интервалдың  номиналды  мәні  өрт  сөндіргіш  заттары  бар  ыдысты    20 ºС 
температурада сақтаған кезде анықталады. 
11.1.4 Өрт  сөндіргіш  заттарды  түсіруге  арналған  сақтандырғыш  құрылғылар  іске 
қосылған кезде персоналдың жарақат алуын болдырмайтындай етіп оларды орналастыру 
керек. 
Изотермиялық  резервуардағы  сақтандырғыш  құрылғылардың  шығыс  түйіндеріне 
газды қауіпсіз жерге бұру үшін дренажды құбырларды қосу керек. 
11.1.5 Қақпақшалар  арасында  сұйылтылған  өрт  сөндіргіш  заттар  үшін  (мысалы, 
батареялардың кері қақпақшасы мен таратқыш құрылғы арасында соңғысы істен шыққан 
жағдайда) бітеу қуыстардың түзілуі мүмкін құбырлар  учаскесіндегі газды өрт сөндіргіш 
қондырғыларында  өрт  сөндіргіш  заттарды  қауіпсіз  бұру  үшін  сақтандырғыш 
құрылғыларды қарастыру керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет