11.5 Газды өрт сөндіру қондырғыларының жергілікті іске қосу құрылғыларына қойылатын қауіпсіздік талаптары 11.5.1 Орталықтандырылған өрт сөндіру қондырғыларында жергілікті іске қосу
құрылғысы қарастырылуы тиіс.
11.5.2 Модульдері қорғалатын үй-жайда орналасқан модульді өрт сөндіру
қондырғыларын жергілікті іске қосу болмауы керек. Модульдерде іске қосу элементтері
болған кезде олар бұғатталуы тиіс.
11.5.3 Модульдері қорғалатын үй-жайдан тыс орналасқан модульді өрт сөндіру
қондырғыларын жергілікті іске қосу қарастырылмаған. Дәйекті жағдайларда жергілікті
іске қосуды қарастыруға рұқсат етіледі, бұл кезде іске қосу элементтері:
- өрт ықпалдарының әсерлерінен қауіпсіз аймақтағы қорғалатын үй-жайдан тыс
орналасуы тиіс;
- оларға рұқсатсыз кіруге жол бермейтін жабу құрылғысы бар қоршау болуы керек;
- өрт сөндіру қондырғыларының барлық іске қосу элементтерін (модульдерін) бір
уақытта әрекет етуге келтіруді қамтамасыз ету керек.
11.5.4 Өрт сөндіруші заттарды берудің бірнеше бағыттары бар болған кезде,
батареяларды (модульдерді) және таратушы құрылғыларды жергілікті іске қосу
құрылғыларының іске қосу элементтерінде қорғалатын үй-жай (бағыты) көрсетілген
тақтайша болуы керек.