41
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
Абырой алып берсеңдер,
Сендерден ешкім озбады.
Ажалы жеткен адамдар,
Үйде жатса да өледі,
Көзінің жасы құрғамай.
Көпжасар, Бажақ, Айдарқұл,
Сатыбалды Жұмабай,
Аталарын ардақты,
Құттық пенен Құрманай.
Құланбике, Қоңырдың,
Кереметі белгілі
Жарқырап мысал туған ай.
Шағырай, Сәдір, Ер Дабыл,
Тоқым тыққан Қыстаубай,
Іс көрсетер күн бүгін,
Құр атаққа мәз болмай [3.39,40-бб.].
Жанқожа Созаққа барар жолда Қоқанға қарасты
Ақмешіт, Жөлек, Жаңақорған, Қосқорған, Күмісқорған
сияқты бекіністерді қоршауға алып, азат етті. Созаққа
жеткен соң Кенесары: «Соғыс бастау дәрежесін
маған берген болсаңдар, менімше былай болсын. Біз
үш жүздің баласымыз ғой. Әрбір жүз реттесіп кезек
соғыс жүргізсін. Мерзім әр жүзге үш күннен берілсін.
Егер кезегінде Созақты бұзып алса, онда атақты
өзі алсын. Ал, осы мерзімді кезектерінде үш жүзде
ала алмаса, онда осы тоғыз күннен кейін, үш жүз бас
қосып, бірігіп соғыссын. Әуелі әр жүз өз бағын сынап
көрсін, меніңше сол дұрыс болар деп ойлаймын,–
дейді. Бұл сөзін көпшілік мақұлдайды. Бұл кіші жүз-
дің адам саны аздығын көріп, Жанқожа батырды
қомсынып, бес жүз әскермен қолынан не келер екен
деп шеттеткендегі қулығы еді, Кенесарының»
[4, 24-б.].
Бірақ, ертеңіне Ұлы Жүз бен Орта Жүз Созаққа
бірігіп шабуыл жасап кетті. Бұл туралы дастанда:
Ұлы Жүз бенен Орта Жүз,
Бір адамдай көрінді,
Тұйғын құстай түйіліп.
Кенесары ат қойды,
«Абылайлап» айқайлап,
Өткен пірге сыйынып [3, 339-б.],– деген жол-
дардан да көруге болады.
Жанқожа үш күн бойы шабуылдың сыртынан
қарап жатуды жөн көрмеді. Оның үстіне Созақ бе-
кінісінің басшысы Қоқанға хабар беріп үлгерген бол-
са, ол жақтан да көмекке әскер келу керек деген
оймен қамал сыртын сарбаздарымен бірге қоруға
шықты. Түркістан маңы, Қаратау бектеріне дейін
то руыл жасаған Жанқожа батыр, өзі топшылғандай
Қо қан ханы Насырулланың Созаққа жіберген екі
мың қолымен бетпе-бет жолықты. Қолды бастап ке-
ле жатқан Таған батыр, Жанқожамен жекпе-жекке
шығып, жеңіліс табады. Осындай үлкен қауіптің бетін
қайтарған Жанқожа, батырларын бастап қайтадан
Созаққа бет алады. Бұл кезде Созақ қамалы Кенесары
қосынына алдырмай біраз әбігерге салып жатқан еді.
Бұл туралы дастандағы деректерде былай делінеді:
Қамалды бұза аламады үш күн қамап,
Бұл сапар сәтсіз болды еткен талап.
Бұқарбай, батыр Жәуке, Ер Ағыбай,
Жүретін әрқайсысын жүзге балап.
Наурызбай өз інісі, арғын Төле,
Қашаннан аты шыққан қандыбалақ.
Қаншама «Абылайлап» ұмтылса да.
Келтірген пайдасы жоқ жаңғыз қадақ.
Сол үшін Кенесары тастады да,
Майданнан қайта шықты кейін қарап.
«Кезекті кіші жүзге бергенім», – деп,
Екі жүз демін алды тарап-тарап [3, 332-б.].
«Сөйтіп, Қоқанның Созақ бекінісіндегі әскерлері
қосымша жіберілген күшті пайдалана алмай әлсі-
рейді. Жанқожа қамалға шабуылын былай жоспар-
лайды: «Созақ бекінісіне шабуылға шыққанда – Са-
тыбалды мерген бастаған садақшылар қамалдың
ішінен оқ атушыларды атып түсіріп, бекініске ша-
буыл жасаушы сарбаздарға жол ашулары тиіс. Са-
дақшылар ша буыл ға шыққанда, сауыттарын шешіп
тастасын. Са уыт киген сарбаздар Жанқожаның
басшылығымен қамалға шабуылға шығып, қақпаны
бұзып ашқан кезде атты әскерлер де келіп шайқасқа
лап қойып қатынасуы керек. Осы оқиғаны Лұқман
Кежеев былай жырлайды:
...Он жігіттің ішінде,
Жанқожа батыр пішінді.
Екпіндеген бойымен,
Қалаға жеткен секілді.
Қатуланып ұмтылды,
Аш қасқырдай бұлқынды.
Артындағы көп әскер,
Көріп тұрды бұрқылды.
Бұрап үзіп тастады,
Дарбазадағы құлпыңды [5, 245-б.].
Қамалдың қақпасы ашылғасын Созақ ішіндегі
сарбаздар көп қарсыласпай берілуге мәжбүр болды.
Оның үстіне қамал ұзақ уақыт қоршауға болғандықтан
азық-түлік, оқ-дәрілер де таусылып тойтарыс беруге
шамасы келмей қалған еді.
Қорыта айтқанда, Созақ қамалы қоқандықтардан
осылайша азат етілді. «Созақтың, бірнеше қамал
мен бекіністің алынуы халық бұқарасының алдын-
да Кенесарының беделін көтерді. Бұл жеңістің нә-
тижесінде Қоқан ханы Кенесарымен мәңгілік одақ
құруды ұсынды. Бірақ, Кенесары бұдан бас тартып,
қазақтарға тиісті жерлерді қайтарып беруді талап
етті» [6., 463 б.]
Бұл – тарихи деректерде Кенесарының Жанқо-
жамен тізе қоса отырып ұлт-азаттық жолында
жасаған жалғыз ғана жорығы еді. Мұның алдында да,
мұнан кейін де Жанқожа мен Кенесары біріге отырып
бас көтерді деген дерек кездескен емес. Жанқожаның
Созақ қамалын алуда көмекке барғандығы жөніндегі
деректің өзі осы тарихи жыр-дастандардағы дерек-
терден белгілі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |