Сағат ТАЙМАН,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
Марат СҮГІРБАЙ,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУдың магистранты
Қазақтың дәстүрлі қоғамында айрықша дамыған
ауызша тарихи дәстүр көшпелі әлеуметтің рухани
әрекетінің өнімі болып табылады. Ауызша тарихқа
жататын тарихи жыр-дастандардың ұлттық тарихи
сананы тәрбиелеуде маңызы зор. ХІХ ғасырда өз
өлкесінің азаттығы жолында жан аянбай күрескен
Кенесары хан мен Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы
ұлттық тарихтан хабары бар кез келген азаматының
білері анық. Сонда да болса батырлар жайындағы
тарихи жырлардағы қосымша деректерді білген жөн.
|