18
АҢДАТпА
Автор бұл мақаласында XIX ғасырдағы Қазақстан
тарихының өзекті мселелерінің біріне тоқаталады.
XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасына қарай
Қазақстанның Ресейге қосылуы күшпен аяқталды.
Орта Жүздегі (1822 ж.), одан соң Кіші Жүздегі (1824
ж.) хандық билікті жойғаннан кейін, Ұлы Жүздің
территориясын әскери күшпен бағындырып алған
соң Ресей патша үкіметі қазақ жерін белсенді түрде
отарлауға кірісті. Патшалық отаршылдық мақсаттағы
әкімшілдік-сот реформаларын іске асыра бастады.
Бұл реформаларды патша үкіметі халықтың мүддесіне
қарсы, олардың қатысуынсыз, жоғарыдан күштеу
арқылы жүргізді. Сол себепті «Дала комиссиясы»
деп аталатын, өзінің патша үкіметі бектітіп берген
халықтың мүддесіне жат, отаршылдық бағыттағы
бағдарламасы бар комиссия құрылды.
Автор 1865 жылы 02 ақпанда құрылған «Дала
комиссиясының» қызметін талдай отырып, архив
деректері мен революцияға дейінгі және кеңес
дәуірінде жарияланған тарихи әдебиеттерге сүйене
келе оның халыққа қарсы, отаршылдық сипатта
болғанына баса көңіл аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |