Осындай даралардың бірі – Қабақ-Тілеудің, жалпы
Шекті елінің қақ ортасында өркендей өскен Қырғыз
перзенті, бүкіл аймақ, ел батыры атанған
айтулы Қай
дауыл батыр (17661839 жж.) Ол Көті бар, Арыстан,
Достандардың замандасы. Бұлардың жүрегінің әр қа-
ғысы, өкпесінен шыққан әр демі бүкіл елінің жүрек қа-
ғысымен, халқының алған тынысымен, жұртының
демімен пара-пар [1, 7-б.].
Қайдауыл батырдың туған және өлген жыл дары
туралы ел ішінде әр түрлі пікірлер бар. Біреулері
оны «Есет Көтібарұлымен қатар, ол бас таған
ұлт-азаттық қозғалысының батыры» десе, екінші
біреулері одан әріге сілтейді, ал үшіншілері өткенімізде
өмір кешкен Қайдауыл деп желіп өте шығады.
ХІХ ғасырдың 80-90-жылдары Шалқар өңіріне ата-
ғы мәлім болған, бірнеше рет бітімшілік қазылығына
(ауылдық халық соты) сайланған қырғыз, білімдар,
молла, Бұқар медресесінен аз ғана сабақ алған Дүйісма-
ғамет Таубайұлынан 1943 жылы: «Қайдауыл батырдың
анасын толғақ қысқанда, күн ала-бұрта қораланып
дүлей дауыл соғып, арты нөсер қара жаңбырға ұласқан
екен. Осы бір құбылыспен ана толғағы тіндесе барып,
нәресте шыр етіп жарық дүниеге келеді. Сонда ала-
дауыл сап боп тынып, тымырсыққа ұласқан екен.
Содан нәрестеге «Да уыл» деп ат қойған. Кейін
«Қайдауыл» атағымен өмір кешкен. Оның нәрестелік
шырылының өзі іңгәлағаннан гөрі жуан дауысты»
деген қызықты әңгімесін тыңдағандығын елімізге белгілі
тарихшы, Қайдауыл батыр тұлғасын зерттеуге зор үлес
қос қан профессор Зәкраддин Байдосұлы өзінің «Қазан
жүрек Қайдауыл» атты еңбегінде сөз етеді [1, 10-б.].
Қайдауыл заманында Шекті, Табын, Тама жұрт-
тары, бір жағынан, Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтары,
бір жағынан түрікпен, бір жағынан Жайық бойындағы
орыс-казактарының, бір жағынан башқұрттардың дүр-
кін-дүркін шапқыншылықтарынан, оның үстіне өза ра ру,
тайпалық қатынастырдың шиеленіскен кезі болатын-ды.
Достарыңызбен бөлісу: |