Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Ел  ішінде  Көтібар,  Қайдауыл  батырлар  жайлы



Pdf көрінісі
бет32/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   299
9-20

Ел  ішінде  Көтібар,  Қайдауыл  батырлар  жайлы 

әңгімелер  баршылық.  Қайдауыл  мен  Көтібар  ел  қор-

ғандары  ретінде  бірі  сыртта  болса,  екіншісі  іште  ел 

ішінде тосқауыл болған. 1787 жылдың маусым айында 

38  жасар  Көтібар  өзінің  қалың  жасақтарымен,  архив 

деректеріне  қарағанда  800-ден  аса,  Сырым  Датұлы 

бастаған халық-азаттық қозғалысына жәрдем беру үшін 

аттанғанда Қайдауыл елде қалады екен. Дәл осы арада 

түрікпендер ханы Пірәлі Шекті, Жетіру дың Табын, Тама, 

Адай  ауылдарына  Иманулла  баста ған  басқыншылар 

жойқын  шапқыншылық  жасайды.  Бұл  кездегі  Шектінің 

аға биі Жомарт Тоқпанов енді ғана батырлық даңқы шыға 

бастаған  Қайдауылды  қолбасшы  етіп,  түрікпендермен 

шайқасуға кіріскен екен. Қайдауыл батыр жау басшысына 

жекпе-жекке жеті бірдей батырыңды шығар деген. Батыр 

сәске түстен кіші бесінге дейінгі аралықта жеті батырмен 

жепе-жек  шайқаста  жеңіп  шығады.  Атойшы  болатын 

батырларынан  айырылып  пысы  құрыған  түрікпендер 

жер  қапқан  ерлерінің  сүйегін  алып  елдеріне  қайтқан. 

Сөйтіп  Қайдауыл  батыр  өзінің  қаһарман  ер  екендігін 

тағы  да  айқындай  түсіпті.  Сол  кездегі  қырғыз  руынан 

шыққан  Толыбай  жыршы:  «Аруағы  асып  күркіреп,  Ай-

дынға шықты Қайдауыл, Жепе-жекті айқаста, қанын 

судай  ағызып,  түсірді  жеті  батырын,  Қаһарлы  теке-

жәуміттің»,– деп жырлаған екен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет