17
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
тан Шығай Астрахан губернаторына хат жазып, қа-
рауындағы қазақтарды отырықшылыққа көшіруде үлгі
көрсету мақсатында өзіне ағаш үй салдыратынын
мәлімдейді. Көп кешікпей Шығай сұлтанның еңселі
ағаш үйі де дайын болады. Ішкі орданың басқа
қазақтары да осы жерге ағаштан үй салдырып,
орныға бастайды. Кезінде Бөкей ханның ордасында
болған Дон казак әскерлерінің командасы, енді
сұлтан Шығайдың ордасында болып, оған қызмет
етеді. Шығай сұлтан мен оның отбасы орыстармен,
украиндықтармен достық қарым-қатынаста болады.
Мұның өзі Дәулеткерейдің орысша және мондолин,
балалайка сияқты музыкалық аспаптарды үйренуіне
қолайлы жағдай жасайды. Осылайша Шығай сұлтан
ордасының негізі қаланған 1820 жылы болашақ күйші
Дәулеткерей де осы жерде дүниеге келген.
Достарыңызбен бөлісу: |