Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


  жылы  Бөкей  ханның  мұрагері  жәңгір



Pdf көрінісі
бет61/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   299
9-20

1824  жылы  Бөкей  ханның  мұрагері  жәңгір 

хан  тағына  отырғаннан  кейін  шығай  сұлтан 

мемлекеттік  қызметтен  біржола  босайды.  Оған 

қоса императордан, Каспий теңізінің солтүстік-батыс 

жағалауын  жалға  алған  граф  Безбородько  осы 

кезде  сұлтан  Шығайдан  бұрынғы  орда  орналасқан 

жерден  кетуін  үзілді-кесілді  талап  етеді.  Суы  мол, 

шөбі шүйгін жерден шағыл басқан қырға көшіп барған 

Шығайдың  малы  қырылып  қалады.  1825  жылдың 

қараша  айында  сұлтан  Шығайдың  өзі  де  дүниеден 

өтеді. Осылайша Дәулеткерей 5 жаста әкесінен жетім 

қалады.  Әкесі  өлгеннен  кейін  Дәулеткерей  Шеркеш 

руының  басқарушысы,  немере  ағасы  Меңдігерей 

Бөкейхановтың  қолында  тәрбиеленеді.  Ішкі  ордада 

малы мен жері, дүние-мүлкі жағынан Жәңгірден кейін 

екінші  орында  болған  Меңдігерей  інісі  Дәулеткерей-

ді  болашақта  ірі  ел  басқарушы  сұлтан  болуға  тәр-

биелейді. Дәулеткерейдің әкімшілік қызметпен шұғыл-

дануына ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Ішкі орданы 

басқару  жөніндегі  Уақытша  Кеңесті  Г.В.Ващенконың 

басқаруының  үлкен  әсері  болды.  Оның  қолдауымен 

Дәулеткерей  1852  жылы  Ноғай  руының  басқарушы-

сы  болып  тағайындалады.  Осы  кезде  Дәулеткерей 

атақты домбырашы, композитор Беріш руының Бегіс 

бөлімінің бұрынғы старшинасы Мүсірәлі Бердиевпен 

кездеседі.

1836-1837  жылдары  Ішкі  ордадағы  И.Тайманұлы 

бастаған  көтеріліске  белсене  араласқаны,  патша 

өкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы  шыққаны 

үшін  қызметінен  қуылған  М.Бердиев  бұдан  былай 

Дәулеткерейдің  өнер  жолындағы  жетекшісіне  айна-

лады.  Күйші-сазгер  М.Бердиевтің  Дәулеткерейдің 

өнердегі  ұстазы  болғандығын  Дина  Нұрпейісова  да 

растайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет