Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


жоғарыда  көрсетілгендей,  М.п.Вяткин  отар­



Pdf көрінісі
бет91/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   299
9-20

жоғарыда  көрсетілгендей,  М.п.Вяткин  отар­

лық  саясаттың  басталуын  және  қазақ  жерінің 

бір  бөлігінің  Ресейге  қосылуын  XVIII  ғасырдың 

30­жылдарындағы оқиғалармен байланыстырды. 

Алайда,  оның  еңбектерінің  мазмұнына  қарағанда, 

империялық  саясатты  жандандыру  бұдан  бұрын 

басталған. Ол 1730 жылдардың басында бодандықты 

қабылдау  туралы  мәселені  сипаттаған  кезде  «XVII 

ғасырдағы Ордада қалыптасқан оң жағдай Ресеймен 

жақындау қажет болды» деп айтылады [7, 123-б.].

Осылайша,  еңбекте  кейбір  қарама­қайшы­

лықтар  көрінеді.  Бір  жағынан,  XVII  ғ.  соңғы  жиыр-

ма жылында бұрын үзілген байланыстардың қалпы-

на  келуін  М.П.Вяткин  орыс  қоныстарына  шабуыл 

жасаған  қазақтардың  іс-әрекетімен,  ал  екінші  жа-

ғынан  XVII  ғ.  соңында  екіжақты  қарым-қатынастар 

Ресей  саясатының  жандануымен,  нәтижесінде 

XVIII  ғ.  алғашқы  отыз  жылында  қазақ  жерлерінің 

Ресей  им периясының  құрамына  қосылуына  алып 

келуімен түсіндіреді.

Сонымен  қатар,  бұл  еңбекте  М.П.Вяткин  орыс 

үкіметі  үшін  Тәуке  ханмен  Ресейдің  Орта  Азия  ел-

дерімен  сауда  жасау  мәселесімен  дипломатиялық 

байланыстар  орнатудың  маңыздылығын  байла-

ныстырады.  Қазақтардың  Ресеймен  қатынасының 

жандануы туралы айта отырып, М.П.Вяткин «I Петр-

дің қазақ даласына үлкен мән бергендігі белгілі: ол 

қазақ жерін Орта Азия мен Үндістанға қақпа ретінде 

қарастырды»,– деп жазады [7, 105-б.]. Шынында да, 

Ресейдің тұңғыш императоры Қазақстан аумағын Азия 

елдерімен  орыс  саудасы  үшін  маңызды  транзиттік 

жол ретінде қарап, оны «Азияға шығудың кілті және 



қақпасы»  деп  атаған.  Дегенмен,  А.И.Тевкелевтен 

жеткен  бұл  дерек  1720-шы  жылдардың  басына 

жатады [15, 319-б.]. Императордың сол жылдардағы 

айтылған  ойларын  отыз  жылдан  астам  уақыт  артта 

қалған оқиғаларға көшіруге негіз жоқ.

Дегенмен, М.П.Вяткиннің еңбегінде Қазақ хандығы 

мен  Орыс  мемлекеті  арасындағы  екіжақты  қарым-

қатынасты ұзақ үзілістен кейін қайта жаңғырту туралы 

мәселені қарастыруы маңызды болды. М.П.Вяткиннің 

дәл осы еңбегінде тарихнамада алғаш рет XVII ғасыр 

соңы  мен  XVIII  ғ.  бірінші  ширегі  аралығындағы  екі 

жақты қарым-қатынас оқиғалары қамтылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет