22
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
түсіндіруінше, бұл тұжырымдама XVIII ғасырдың бі-
рінші ширегіндегі оқиғаларға тікелей қатысты болды
және қазақ-орыс қарым-қатынастарының ерте та-
рихының сипатын қарастырмады.
Тарихнамадағы алғашқылардың бірі болып
М.П.Вят кин өз еңбегінде Қазақ хандығының Ресей
мем лекетімен қарым-қатынасы ұзақ үзілістен кейін
қалпына келгенін («қайта жанданғанын») атап өтті.
Ол екі жақты өзара қатынастарының жаңа кезеңнің
басталуы екі мемлекеттің иеліктері бір-біріне жақын
орналаса бастаған кезден, қазақ ханы Тәуке басқар-
ған кезеңге жатқызады. М.П.Вяткиннің айтуынша,
1680-жылдардың басында қазақтар орыстың шекара
маңы қоныстарына бірнеше дүркін шабуыл жасаған.
Бұл кейіннен екі мемлекет арасындағы елшілік
байланыстарды жандандыруға алып келді [7,105-
106-бб.]. М.П.Вяткин 1680 жылдардағы шабуылдар:
«І Петр билігі тұтқындарды қайтару және ша-
буылдарды тоқтату туралы келіссөздер жүргізу
үшін Тәуке ханға Ф.Скибин мен М. Трошев елшілерін
жіберуге мәжбүр болды»,– деп мәлімдеді [7, 106-б].
Достарыңызбен бөлісу: