Бұл ретте «неғұрлым аз зұлымдық» тарихи
таңдауын 1730шы жылдардағы оқиғаларға
жатқызған. Ал алдыңғы онжылдықтарда қазақ-орыс
қарым-қатынастарын негізінен бөлек көрген едік. Енді
М.П.Вяткин XVII ғ. соңында Қазақ хандығы мен Ресей
империясы қарым-қатынастарының дамуын жоңғар
мәселесімен байланыстырады. Оның жазуынша
XVII ғ. «рулық қазақ старшиндарының ара сында
Ресейге деген сенімсіздік болды, ол оның әске ри
бекіністерінің жақындығынан туындағанына қа-
рамастан... – әйтсе де жоңғарлармен [қазақтар]
күрес Ресеймен жақындасуды іздеуге мәжбүр етті,
онымен одақтастық шынайы түрде көрінетін еді,
себебі жоңғар отрядтарының Сібір қоныстары-
на шабуыл жасауы Сібір билеушілеріне де көп
алаңдаушылық тудырды» [9, 150-б.]. М.П.Вяткиннің
пікірінше, Ресей тарапы үшін қазақтармен қарым-
қатынас жасауға ынталандыратын маңызды фактор
транзиттік сауда мүмкіндігі болды.
Одан әрі ол қазақ халқының орыс қоныстары мен
Скибин елшілігіне жорықтарын қысқаша еске түсіре
отырып, сол фактілерді жаңғыртады. Іс жүзінде қазақ
мырзасы Келдейдің орыс тұтқынында болуы екі жақты
қарым-қатынаста нақты рөл атқарды. Бірақ оның
тұтқындалуын 1680 жж. оқиғаларымен байланыстыру
қате болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |