Мүшелтойлық жағдай – мүшелтой иесі туралы
еркін көсілуге қашан да ақпараттық түрткі. Мен
Хазретәлі Тұрсынұлының ғалым, азамат және педагог
ретінде қалыптасуының тірі куәгерлерінің бірімін.
Мақаланың тақырыбын қойғанда да эпитеттер тізбесінің
қайсысынан бастап, қайсысынан аяқтайын деп
кәдімгідей кідірейін... Өйткені сөз еткелі отырған азамат
– «сегіз қырлы, бір сырлының» нағыз өзі. Мүшелтойлық
жағдай оның мұндай қасиеттерін атап өтуге міндеттейді.
Хазретәліні 19871991 жылдары «Білім» қоға
мы жаңақорған аудандық ұйымының хатшысы
болып қызмет атқарған кезінен біледі екенмін. Мен
– облыстық «Білім» қоғамының референтімін. Әруа-
ғы риза болсын айта кетейін, Қызылорда облыстық
«Білім» қоғамын 25 жыл басқарған Айтбай Ыстықбаев
– екеуміздің бастығымыз, тәрбиесін көріп өстік. Сол
уақыттағы дәстүр бойынша облыстың қалалары мен
аудандарының еңбек ұжымдарында қоғамдық-саяси
тақырыптарда лекция оқу үшін жиі шығамыз. 1987 жылы
Жаңақорған ауданына іссапармен ба рып, ауылдары
мен мектептерін аралағанда Хаз ретәлі жанымда
бірге жүрді. Бұл еліміздегі «қайта құру», «демократия
мен жариялылық» жылдары болғандықтан, сұқбат
тақырыптары да жеткілікті-тін. Сырт көз сыншыл –
оның бойындағы шығармашылық мүмкіндіктері сол
уақыттарда-ақ байқалып, мен үшін ашылып жатты.
Бірден тіл табысып, жақын аралас-құраластығымыз
содан бері үзілген емес. Оның Тә жікстанда туғанын, 1960
жылдары отбасының елге қайтып оралғанын естігенде
елең ете қалғаным есімде. Менің ата-бабаларым да
Шиеліде мешіт салдырғаны үшін 30-жылдары Өзбекстан,
Қырғызстан асқаны, Бәткенде аялдап, кейіннен Пақта-
арал ауданында тұрақтағанын білетінмін. Олардың
Жаңақорғанға, біздің Шиеліге шамалас уақытта көшіп
келгеніміз де белгілі болды. Отбасылар тағдырының
ұқсастығы мұнымен шектелмейді екен. Мен мектеп
бітіргеннен кейін 1974-1975 жылдары Алғабас
ауылында бір жыл колхозшы болып жұмыс істесем, ол
1977-1978 жылдары «Красная звезда» кеңшарында
жұмысшы болған. Институттан кейін мен 25 жасымда
мектеп директорының орынбасары болып, алдымнан
мектеп директорлығы қылаң берген. Алайда, «әкімшілік
мансаптық жол менің қолым емес екен, не де болса
табиғатыма етене жақын ғылым жолын көрейін,
тым болмаса «қалалық қазақ отбасы» болайын» деп
Қызылорда қаласына қоныс аударғаным бар.
Достарыңызбен бөлісу: |