Ҥй тапсырмасын орындау бойынша ҧсыныстар
3.1. Теориялық курсты оқудан кейін, студент үй тапсырмасын орындауға кіріседі. Әрбір
тақырып бойынша білім базасының логикалық сызбасын құрастыру және ӛзіндік тексеруге арналған
бақылау жаттығуларын орындау қарастырылады.
Бірқатар жағдайларда студентке белглі тақырыптар бойынша реферат жазу ұсынылады.
3.2. Білім базасының логикалық сызбасын құрастыруда іс-әрекеттің кезектестігі келесі үлгіде
берілуі мүмкін:
- тақырыптық шолуды (ғылыми) қараңыз және жеке парақтарға бӛлімдер мен параграфтардың
атын жазыңыз;
- тақырыптық шолудың әрбір бӛлімінен негізгі ұғымдар мен категорияларды жазып алыңыз;
- мәтінді оқып шығыңыз және бӛлімнің ішіндегі ұғымдар мен категориялардың ӛзара
байланысын табыңыз; содан соң мәтінде ой тұжырымдары арқылы жалпылаушы ұғымдар мен
категорияларды анықтаңыз;
- мәтіннің мазмұнын біріктіретін аса жалпы ұғымдар мен категорияларды таңдаңыз;
- сіз таңдағы ұғымдар мен категорияларды қамтитын логикалық сызбаны құрастырыңыз.
3.3. Жалпылаушы ұғыдмар мен категориялардың болуы арқылы сызба «ағашты» құрайды
(иерархиялық құрылым), оның жеке бӛліктері немесе логикалық буындары ұғымдар арасындағы
себепті-салдарды байланысты құрайды, немесе хронологиялық кезектестікті құрайды.
3.4. Құрастырылған логикалық сызба әртүрлі бӛлімдерде ұғымдарды анықтау және
қайталанбауы мақсатында талдануы қажет және шолудың мәтініндегі тұжырымдарға сәйкес
нақтыла55нуы қажет.
3.5. Білім базасының логикалық сызбасын құрастыруда келесі талаптарды басшылыққа алу
қажет:
- сызбадағы элементтердің саны мен олардың байланысы арқылы кӛрінетін сызбалық бейненің
қарапайымдылығы;
- сызбаның элементтерінің мақсатты және мағыналық мәні, олардың сызбаның кеңістігінде
иерархиялық орналасуы (мысалы, негізгі, қосалқы және т.б.);
- сызбаның ішініде элементтер мен олардың байланысының келісімі;
- берілген сызбалардың кӛрнекілігі (графика, диаграмма, форма, түрлі-түсті гамма, кестелік,
сандық, иллюстрациялық материал).
3.6. Жазбаша шығармашылық жұмыстарды дайындау.
Жазбаша шығармашылық жұмыстар студенттің ӛзіндік бастамасымен орындалады.
Студенттердің белгілі бір проблеманы тереңдетіп оқудағы шығармашылық тұғыры мадақталады және
студенттің білім мен эрудициясын жалпы бағалауға әсер етеді.
3.7. Жазбаша шығармашылық жұмыстарды студенттер келесі түрде орындауы мүмкін:
- оқытылатын пән бойынша проблемалық сұрақтар немесе алуан түрлі ғылыми баспалар,
Ф ҚазҰПУ 703-10-11 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Үшінші басылым
(мақалалар, монографиялар), жеке құжаттар бойынша рефераттар;
-
университеттің
базасында
ӛткізілетін
студенттердің
ғылыми-практикалық
конференциясындағы баяндамалар мен хабарламалар.
3.8. Шығармашылық жұмыс біртұтас, біртекті және аяқталған студенттік оқу-ғылыми жұмыс
болуы керек, онда проблема нақты құрылуы керек, зерттелетін мәселелер анықтаулы қажет және
олардың ӛзектілігі негізделуі қажет. Әрбір тараудың соңы, немесе параграф пен абзацтяң соңы
логикалық буын түрінде болуы керек. Таңдалған жанрға қарамастан, жұмыс жақсы ғылыми тілде
жазылуы керек, онда ғылыми тіл стилі, әдеби тілдің жалпы ережелер мен нормалары сақталуы керек,
сонымен бірге ғылыми тілдің негізгі ерекшелігі – терминологияның дәлдігі және біржақтылығы
ескерілуі қажет.
3.9. Жазбаша жұмыстың тақырыбын (реферат, проблемалық мақала, эссе) студент ӛз бетімен
таңдайды. Бұнда студент жазбаша шығармашылық жұмыстардың ұсынылған тізімін қолдануына
болады.
3.10. Рефератты даярлауға берілетін ұсыныстарар .
Оқу пәнін зерттеу үдерісінде студентке аса маңызды зерттелетін мәселе бойынша реферат жазу
ұсынылады. Студент сонымен бірге ӛз бетімен проблеманы терең зерттеу мақсатында, белгілі
тақырып бойынша рефератты ӛз бетімен жазуына болады.
Реферат жазудың объектісі ретінде монография, мақалалалар немесе құжаттар жинағы, мақала
немесе жеке құжат алынады.
Реферат дайындаудың негізгі мақсаты – зерттелетін проблеманы кӛрсету, оның қаншалықты
саналанғанын кӛрсету. Реферат жазудың басқа да мақсаттары бар: ол ӛз бетіндік оқу-зерттеу жұмыс
дағдыларын қалыптастыру; талдау, жалпылау, ақпаратты саналау әдістемесін оқыту; студенттің
зерттелетін тақырып брйынша білімін тексеру болып табылады.
Реферат ғылыми жұмыс болып табылмайды. Онда ғалымдардың әдебиеттерде баяндағын
ақпаратының белгілі кӛлемін жалпылау және бастапқы саналау жүзеге асырылады. Бұнда зерттелетін
мәселе бойынша ӛзіндік пікірді білдіруге болады, оны болжам немесе гипотеза түрінде беруге болады.
Рефераттың мақсаты зерттелетін мәселеге тұлғалық қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Рефератты даярлау бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:
- рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинау және зерттеу;
- рефератты жазу және безендіру.
Әдебиеттерді жинақтаудың алдында рефераттың тақырыбы бойынша библиографиялық тізімді
даярлау жүзеге асырылады. Оны даярлаудың базасы ретінде ұсыныдатын әдебиеттер тізімі,
оқытушының ұсыныстары алынуы мүмкін.
Материалды библиографиялық тізімге негізілген әдебиеттерден таңдап алады.
Әдебиеттерді әртүрлі зерттеуге болады. Монографиялар мен мақалаларды конспект жасау
арқылы зерттеуге болады, ал басқа әдебиеттерді қызықты деректер мен кӛшірмелер жасау арқылы
зерттеуге болады.
Конспектілеу әдісі рефераттың тақырыбы бойынша бір немесе екі монография болған жағдайда
қолданылады.
Кӛшірме әдісі рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттердің саны кӛп болған жағдайда
қолданылады.
Фундаменталды жұмыстарды терең зерттеу және конспектілеу үшін таңдайда, ал қалған
жұмстарды қарап, ой-пікірдің, идеялардың тақырыптық мазмұнын ашу үшін қажетті кӛшірмелер
жасайды.
Кӛшірмелерді жеке парақтарда мақалалар, монографияларға сүйене отырып, библиографиялық
сілтеме жасау арқылы жүргізеді.
Материал цитаталар, сызбалар, кестелер, иллюстрациялар түрінде бірлегн жағдайда, ақпаратты
талдауға және жүйелеуге кӛшеді, негізделген және аргументтелген жазбаларды таңдайды.
Рефератты жазу (тақырыбы таңдау бойынша), оны қорғауға дайындалу. Реферат келесі негізгі
талаптарға сәйкес болуы керек:
Ф ҚазҰПУ 703-10-11 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Үшінші басылым
- құрылымы: кіріспе (тықырыпты негіздеу, оның ӛзектілігі мен мәндлігі, әдебиеттерге шолу); негізгі
бӛлім (проблеманы теориялық саналау, деректі материалды баяндау, теорияны бекіту); қорытынды
(проблеманы саеналаудың нәтижесі, тұжырымдар); библиография;
- сауатты қазақ тілінде, стилистикалық нормаларды сақтау арқылы жазылуы керек, мәтін
логикалық және бірізді болуы керек;
- «мен» есімідігі қолланылмайды;
- бір бетте 3 цитатадан артық болмауы керек;
- қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау міндетті емес;
- библиографиялық тізім құжаттың мәні бойынша, алфавит бойынша, құжаттың баспа
хронологиясы бойынша құрылады;
- қолмен жазылуы мүмкін (түсінікті қолтаңбамен); компьютердже басылуы мүмкін, формат А4;
ӛлшемі 14 пунктов; 1,5 интервал; жоғары және тӛменгі шеттері – 2,5; сол жағы – 3; оң жағы –
1,5; абзац – 1,25;
- кӛлемі – 15 –20 бет.
3.11. Ғылыми (проблемалық) мақаланы даярлаудың ерекшеліктері.
Ғылыми мақаланың мазмұны ретінде кез келген ӛзекті ғылыми-техникалық, гуманитарлы,
ӛнертанушы немесе қолданбалы проблема, біржақты шешімі болмайтын немесе теория мен
тәжірибенің арасындағы қарама-қайшылықтардан тұрмайтын проблема алынады.
Мақаланың ақпараттық, шолу, аналитикалық немесе ізденістік сипаты болуы мүмкін.
Мақаланы даярлау әдістері проблемалық рефератты даярлау әдістеріне ұқсас болады.
Ғылыми мақаланы жазудағы басты мәселе ретінде міндетті дұрыс қою, идеялар, теориялар,
деректерді логикалық сыни саналау, ӛзіндік пікірлерді, идеяларды, аргументтелген тұжырымдарды
логикалық және стилистикалық баяндау алынады.
Ғылыми мақаланың міндетті элементі ретінде мақалада қарастырылған идеяларды,
аргументтерді, пікірлерді цитаталау, сілтемелік материалды дұрыс безендіру алынады.
Проблемалық мақаламен жұмыс істеу, берілген тақырып бойынша материалды жалпылау
дағдыларының, әртүрлі пікірлер мен кӛзқарастарды талдау, қарама-қайшылықтарды анықтау, ӛзіндік
аргументтелген тұғырды қалыптастыру, зерттелетін міндетті шешуді оптимизациялауды іздеудің
дағдыларының кӛрінісі болып табылады.
3.12. Эссе жазуға берілетін ұсыныстар
Эссенің спецификасы бір жағынан – бұл ойлау еркіндігі, екінші жағынан – адекватты әдеби
форманы беруден тұрады. Әдеби тіл айқын және бейнелі болса, оқырмандарға эссенің әсері күшті
болады.
Эссенің тақырыбы авторды толғандыруы қажет. Эссе студенттің таңдаған проблмеатикасын
меңгеруін, әдебиетпен танысуын, проблемаға тұлғалық қатынасын білдіреді. Эссе жазуда осы
тақырыпқа жазған авторлардың кӛзқарастарын талдау немесе қайталап баяндау міндетті емес. Эссе
қарастырылатын тақырып бойынша ӛзіндік ой тұжырымдардан тұрады.
Эссе жазуда лексика мен стилистикаға мұқият қарау керек, алайда анекдотты, парадоксальды
мысалдарды қолдануға болады. Эссені безендіруге қойылатын талаптар рефератты, мақаланы және
т.б. безендіруге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Эссенің кӛлемі компьютерлік жазумен 1,5
интервалмен жазылған 5-7 беттен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |