6
РЕФЕРАТ
Магистрлік жобаны магистрант Булекова Г.А. «Кешенді ферроқорыт-
паларды балқытуға арналған шикізатты зерттеу және талдау» тақырыбында
орындады. Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Нурумгалиев А.Х.
Магистрлік жоба 77 беттен, 26 кестеден және 14 суреттен тұрады.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның жоғары күлді көмірін пайдалана
отырып кешенді алмосиликомарганец қорытпасын балқытудың технологиясын
негіздеу.
Жобада жұмыс мақсатына сәйкес келесі өзара бйланысты міндеттер
шешілді:
- көмір кен орнына талдау жүргізу және жоғары күлді көмірдің
техникалық және химиялық құрамдарын зерттеу;
- дифференциялды термиялық талдауды (ДТТ) пайдалана отырып,
кешенді қорытпаны (алюсиликомарганец) балқыту үшін шикіқұрамдағы
фазалық түрленуді зерттеу;
- изoтеpмиялықемеcкинетикaәдіcтеpіменқopытпaтүзушіoкcидтеp-дің
тoтықcыздaнукинетикacынзеpттеу;
- интропретациия әдісін пайдаланып Борлы және Сарыадыр жоғары күлді
көмірлері мен Батыс Қамыс, Үлкен Қытай, Шығыс Қаражал марганец
кендерінің материалдық және жылулық баланстарын анықтау;
- «ТЕРРА» бағдарламалық кешенін пайдалана отырып Fe-Mn-Al-Si-C-O
кешенді ферроқорытпасын балқыту бойынша термодинамикалық
есептерді жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: