147
Драйверді және графикалық режимді таңдау
detectgraph (&gd, &gm)
функция арқылы орындалады.
2. Драйверді жүктеу, графикалық жүйені инициализациялауды
initgraph (&gd, &gm, "BGI-файлдың жолы")
функциясы атқарады, мұндағы
gd және
gm айнымалылары қажет драйвер мен
графикалық режимнің номерлері.
Егер ВGI-файлдар ағымдағы директорияда орналасса, онда
initgraph()
функциясының үшінші параметрі ретінде бос жолды беруге болады
initgraph (&gd, &gm, " ");
Режимдерді ауыстыру. Дисплейлік адаптердің текстік режиміне уақытша
ауысу үшін мына функция қолданылады:
restorecrtmode ();
Қайтадан графикалық режимге ауысу
setgraphmode (gm);
функциясымен жүзеге асырылады.
Ағымдағы драйвер үшін графикалық режимнің максимал мәнінің номерін
getmaxmode ();
функциясы арқылы анықтауға болады.
Графикалық жүйемен жұмыс жасап болған соң, графикаға бөлінген жадыны
босату, бейнеадаптер буферін тазарту, алдыңғы текстік режимді қалпына келтіру
керек. Барлық әрекеттерді
closegraph ();
функциясы жүзеге ауыстырады.
5. Түстерді, шрифттерді сызықтардың стилін және бояу стилін тағайындау.
Түстерді көрсету үшін констандаларды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: