File\Change Dir жұмысшы каталогты өзгерту, яғни атауы мен жолын көрсетуге
мүмкіндік береді. Жұмысшы каталог дегеніміз - Turbo C++ файлды сақтағанда
немесе іздегенде қарайтын каталогы.
File\Print Turbo C++ - дегі екпінді терезенің мазмұнын баспаға шығарады.
Текстің тек белгіленген бөлігін Ctrl-K P пернелер комбинациясын басу арқылы
баспаға шығаруға болады.
File\Get Info командасы ағымдағы каталог туралы информация блогынан тұрады.
Get Info блогының мәндері кестесі:
МӘНІ МАҒЫНАСЫ
Current directory - Каталогтың қалыпты аты
Current file - Екпінді терезедегі файл аты
Extended memory usage - Turbo C++ -ге бөлінген қосымша жады мөлшері
Expanded memory usage - Turbo C++ - ге арналған кеңейтілген жады мөлшері
Lines compiled - Компиляцияланған жолдар саны
Total warnings - Жүйенің ескертпе хабарламаларының саны
Totals errors - Генерацияланған қателер саны.
Total time - Программаның соңғы рет орындалған уақыты.
Program loaded - Өңдеу статусы
Program exit - Соңғы аяқалған программадан қайту коды.
Available memory - Қолданылатын жады көлемі DOS (640 К)
Last step time - Өңдеу барысындағы соңғы қадамның орындалған уақыты
Достарыңызбен бөлісу: |