Cut (Shift-Del) командасы белгіленген фрагментті құжат текстінен өшіреді де
оны буферге орналастырады.
Copy (Ctrl-Ins) командасы
белгіленген
фрагменттің
көшірмесін
буферге
орналастырады. Оны Paste командасының көмегімен басқа текстке қоюға болады.
Сол секілді Help терезесінен фрагмент алуға болады.
Paste (Shift-Ins) командасы буфердегі тексті жұмысшы терезенің курсоры тұрған
жеріне орналастырады.
Show Clipboard командасы басқа терезелерден көшірілген және өшірілген текст
фрагменттері орналасқан Clipboard терезесін ашады.
Clear (Ctrl-Del) командасы тексттегі белгіленген фрагментті өшіреді.
Search (Alt-S) менюі:
Search менюі тексті іздеу, функцияны сипаттау және файлдағы қате жіберілген
орында іздеу әрекеттерін орындайды.
Search\Find (Ctrl Q F) командасы Find диалогты блогын ашады, мұнда іздеу
үлгілерін және параметрлерін беруге болады.
Replace (Ctrl Q A):
Search Replace командасы текстегі ізделінді фрагментті және оның орынына
қойылуға тиіс фрагментті көрсетуге мүмкіндік беретін диалогты терезені ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |