Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі.
Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана
отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шəкірттер
ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді.
Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған
ақпараттың мəн-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды.
Проблемді оқуда ұстаз басшылығында оқу, дəріске байланысты
мəселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс
қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты:
жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті,
белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі жəне
басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |