Тəрбие
тұлғаның
аталған
мəдениетін
дамытушы
əрі
қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде
тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке
элементтер аталады:
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға
сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның
құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік,
туысқандық
жəне
т.б.
сынды
құндылықты
категорияларды
қалыптастыру);
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі
жəне оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам
проблемасын зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).
Дəстүрлі
педагогикада
тұлғаның
базалық
мəдениетін
қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша
бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей
бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
- азаматтық тəрбие;
- еңбек тəрбиесі;
- адамгершілік тəрбиесі;
- эстетикалық тəрбие;
- дене тəрбиесі.
Тəрбиелік істердің кейбір жетекші бағыттарының мазмұнын
ашайық.
Достарыңызбен бөлісу: