Дене тəрбиесі – тəн - денелік бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен
əдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған
педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам
тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты
жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн
саулығын көтеру.
Дене тəрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары – дене шынықтыру
жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн
энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр
адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты).
Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің
дамуына əртараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау
заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір
оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі
мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі
бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене
дайындығы, спорттық дайындық.
Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы
гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық
күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды
жəне т.б. қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |