Экологиялық
тəрбие.
Бұл
тəрбиенің
мақсаттары-
тəрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты
ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық ретінде тану мен оған
жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру;
нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық
жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға
үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан лəззат (халықаралық
экологиялық
қауымдастықтың
ұраны)
алу
арқылы
табиғат
субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тəрбиелеу.
Экологиялық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны:
- тəрбиеленушілердің қоршаған табиғатты зерттеп, тануы;
- табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу;
- əлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі
проблемаларымен танысу;
- адам əрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл əлемдік
экологиялық жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп,
білу.
Достарыңызбен бөлісу: |