5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, салыстыра
білу қажет. Ешкімнің де пікірін жоққа шығаруға болмайды – бұл
əділдік шынайылылық, қатынас мəдениетінің ізгілікті белгілері.
6.
Əдептілік сұхбатында дұрыс басшылық – мəні - тəрбиеленушілерге өз
ынта, əрекетімен дұрыс шешім қабылдауға жəрдем беру. Бұл үшін
тəрбиеші болған оқиғаларға тəрбиеленуші тұрғысынан көз салып, оның
ойы мен сезімін түсінуге тырысуы қажет.
Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу – қате пікір. Жоғары маманданған
педагогтар əдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау қылып, өткізе
салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, шəкірттерін де
байыппен дайындайды. Мектепте əдептілік сұхбаттары жалқылау
(индуктив) не жалпылау (дедуктив) жолымен жүргізіледі: нақты
деректер талқыланады, баға беріледі, соңынан жалпы қорытынды
жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема қойылып, кейін ол дара
бөлшектеніп, шешіледі.
Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кəсіби шеберлікті қажет
етеді. Мұндай əңгімелесу кезінде екі ортада психологиялық кедергі,
түсініспестік болмауы тиіс. Егер оқушы болған жағдайды дұрыс
түсінбейтіні байқалса, оның намысына тимей, кемшілік-қателігін
бетіне баспай, əрекет-қылығының шалыс екенін ұғындырып бағу
қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, əжуа-
сықақсыз өткені дұрыс. Өз тəрбиешісінің шынайы көңілін, жəрдем
пиғылын сезінсе ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді,
жазатайым болған келеңсіз ісін енді қайталамауға уəде береді, қайтып
ондай əрекетке бармайды да. Оқушымен жекелеп сұхбаттасу тəрбиеші
мен тəрбиеленуші арасындағы кейіп түсінігімен өтсе, оның толық
нəтижеге жеткені.
Достарыңызбен бөлісу: