15.3. Іс-əрекет ұйымдастыру əдістері Тəрбие көзделгенəрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы
міндетті. Тұлға тəрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның
нақты іс-əрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-əрекет ұйымдастыру
мен қылық қалыптастыру тəрбие процесінің өзегі ретінде
қарастырылады. Аталған топтағы əдістердің бəрі тəрбиеленушілердің
практикалық іс-əрекетіненегізделген. Мұндай іс-əрекетті басқару
үшін педагог оны құрамды бөліктерге – нақты істер жəне қылықтарға
жіктейді.
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі –
жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, əрекеттің қай-қайсысы
да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын
əңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға
үйрету мүмкін емес. Тəрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді
əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға
болмайды. Жаттықтыру мəні – талап етілген əрекеттерді көп мəрте
қайталаумен автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар
нəтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: əдеттер мен дағдылар.
Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды: 1)
жаттығулар жүйесі; 2) олар мазмұны; 3) түсініктілігі мен жеңілдігі; 4)
көлемі;
5) қайталау жиілігі; 6) бақылау мен түзету; 7) тəрбиеленушілердің
тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны; 9)
жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп-
түрткілері мен оған деген ынта себептері. Жаттығулар жиілігі, көлемі
жəне жетіскен нəтижелер арасында тікелей тəуелділік бар: жаттығу