Мектеп ұжымы күрделі сипатқа ие болуымен, өз ішіне оқушылар
ұжымын жəне мұғалімдер ұжымын қамтиды.
Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін:
-
бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым-
қатынасқа түскен бір сыныптағы оқушылар (сынып);
-
жалпы мектептік ұжым – ол сынып бірлестіктерінен құралады.
Кейбір оқу-тəрбие жұмыстарды орындау үшін ұзақты не қысқа
мерзімді, уақытша ұжымдар түзіледі: үйірмелер, спорт секциялары
жəне т.б.
Соңғы кездері əлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды
бөліп қарастыруды жөн көруде.
Шағын топ қатысушыларының өзара
жақындығы əлеуметтік мəнді мақсаттардан болмай, олардың
арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға
негізделеді.
Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық
басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі
ережелерді ескеру қажет:
-
педагогикалық басшылық тəрбиеленушілердің өз бойына тəн
дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;
-
педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс,
себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;
-
барша тəрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып
мұғалімдері -өзара сəйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;
-
ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау,
қадағалау жəне реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы
міндетті;
-
тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін
ескеріп қоймай, тəрбиеленушілер қызығуларына сəйкестігін де
ойластырған жөн;
Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын
пайдалану қажет:
-
Достарыңызбен бөлісу: