екіжүзділікке, менмендікке, тəртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа
душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын
арнаған ата-ана, негізінен
адамгершілікті (демократтық) стильді
қолдана отырып, орынды жерінде əкімшіл не либералды тəрбие
элементтерін қолдануды да ұмытпайды.
Отбасында тиімді тəрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:
-
баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;
-
балаға əсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны,
шын көңілден шыққандығы мəнді;
-
баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сəйкес болуы шарт,
сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды
да ең қонымды тəрбие əдісін таңдап, қолдануға болады;
-
баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс
қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
-
жазаны істеген келеңсіз əрекеті үшін қолдануға үйренген жөн,
баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның
қылығы жаман);
-
бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан
айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен
əңгімелесіп, əрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн:
жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті
шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;
-
балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
-
өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға
мəн беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына
түгелдей тəуелді;
-
бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-
анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала
табиғатынан ата-анасын сүйеді;
-
баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн,
себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;
-
баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға
болмайды.
Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл өнеге-үлгі,
бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау.
«Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тəрбиелей отырып, ата-
аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп,
сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді
сені тəрбиелемеймін»
- деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: -
баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған
қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу,
отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да
тəрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ –
тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты
ұстаным етіп алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: