Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


 Педагогика жəне басқа ғылымдар



Pdf көрінісі
бет28/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244
Жалпы педагогика 2005

 
1.5. Педагогика жəне басқа ғылымдар  
 
Адам  жөніндегі  ғылымдар  жүйесіндегі  педагогиканың  орны  оны 
басқа  ғылымдармен  байланыстыра  қарастырғанда  ғана  айқындалуы  
мүмкін.  Өзінің  ұзаққа  созылған  тарихында  педагогика  көптеген 
ғылымдармен  тығыз  байланыста  болып,  өз  дамуы  мен  кемелденуінде 
олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың 
кейбірі  тарих  тұңғиығынан  жалғасып  келе  жатса,  енді  біреулері-
кейінгі,  жақын  дəуірлерде  пайда  болды.  Педагогиканың  алғашқы 
байланыс  түзген  білім  салалары-философия  мен  психология.  Бұл 
ғылыми  «одақ»  қазіргі  күнде  де  педагогикалық  теория  мен 
практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты. 
Педагогиканың  философиямен  байланысы  өте  бір  ұзақ  та  өнімді 
болды,  себебі  философиялық  идеялардан  педагогикалық  тұжырымдар 
мен  теориялар  туындап  отырды.  Педагогикалық  ізденістердің 
бағыттары  белгіленді,  сонымен  бірге  педагогиканың  əдіснамалық 
негізі  осы  философиялық  көзқарастардан  қалыптасты.  Философиялық 
бағыттар 
 
(экзистенциалды, 
прагматикалы, 
неопозитивистік, 
материалистік 
т.б.) 
жүйесін 
ұстануына 
орай 
педагогика 
зерттеушілерінің  оқу-тəрбие  саласындағы  ғылыми-ізденіс  жолы,  білім 
беру  процесінің  мəні  мен  мағынасы,  мақсаты  мен  технологиялық 
сипаттамасы  айқындалады.  Философия  сонымен  бірге  педагогикалық 
болмыс  пен  нақты  тəжірибені  теориялық  тұрғыдан  түсінудің  құралы 
ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың  
бастау көзін береді. 
Педагогиканың  ежелден  келе  жатқан  дəстүрлі  де  аса  бір  құнды 
байланысы  жантану    (психология)  ғылымымен  орныққан.  Адам 
табиғатын білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға 
дамуы  мен  оның  жандүниелік  қозғалыстарында  байқалатын 
заңдылықтар жəне оларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге 
оқу  мен  тəрбие  жүйесін  осы  психикалық  заңдылық,  қасиет-
сапа,  қажеттіктер  мен  мүмкіндіктерге  негіздей  отырып  құрастыру  
талаптарын елеулі ғұлама-педагогтардың бəрі де алға тартып отырған. 
Дегенмен,  ескеретін  жəйт:  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуын  бір 


жақты  тек  психологиялық 
шарттармен 
ғана 
түсіндіру 
шынайылыққа  келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі 
табиғи  заңдылықтардан  кейде  басымдау  түсетін  əлеуметтік-
педагогикалық  жағдайларға  тəуелді  келеді,  тіпті  сол  психологиялық 
дүние,  болмыстың  өзі  де  арнайы  қоғамдық  ықпал  нəтижесінде 
өзгеріске келуі əбден мүмкін.  
Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысы  адамды  тұлға 
ретінде  зерттеуімен  ортақ  келетін  философия  жəне  психология 
аймағымен  шектеліп  қалмайды.  Оның  адамды  тіршіліктегі  сипатында 
танушы 
анатомия, 
физиология, 
астрология 
жəне 
медицина 
ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс. 
Адам  дамуына  ықпал  жасаушы  табиғи  жəне  əлеуметтік  факторлар 
арақатынасынан  туындайтын  проблема - педагогика  үшін  өзекті 
мəселелердің  бірі.  Адамның  жекеленген  табиғи  дамуын  зерттеуші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет