Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет29/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   244
Жалпы педагогика 2005

биология ғылымында бұл мəселе аса маңыздылығымен танылған.  
Адамды  табиғи  жаратылыс  туындысы  жəне  əлеуметтік  болмыс 
жемісі  ретінде  қарастыра  отырып,  педагогика  антропология 
ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, 
осыдан олардың бəрін жалпыланған адам бойында теориялық бірігімге 
келтірумен  оның  сан  қырлы  да  көп  сырлы  болмысын  тануға 
жол ашады.  
Педагогиканың 
медицинамен 
байланысының 
нəтижесінде 
педагогикалық  білімдердің  арнайы  саласы  коррекциялық  (реттеуші) 
педагогика  пайда  болды.  Осыдан,  өз  дамуында  тума  немесе  жасанды 
ауытқуы  бар  балаларға  білім  берудің  тəсілдері  анықталды. 
Педагогиканың  бұл  саласы  медицина  деректерін  пайдалана  отырып, 
бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне 
толыққанды  араласып  кетуін  жеңілдететін  терапиялық  құрал-
жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.  
Сонымен  бірге  педагогиканың  дами  түсуі  адамды  қоғам  мүшесі 
ретінде,  оны  əлеуметтік  қатынас,  байланыстар  жүйесінде  зерттеуші 
ғылымдарға  да  тəуелді  келеді.  Сондықтан  да  осы  заман 
педагогикасының  əлеуметтану,  экономика,  саясаттану  жəне  басқа 
əлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі 
кездейсоқ емес. 
Педагогика    жəне  экономикалық  ғылымдар  арасындағы 
қатынастар  өте  күрделі,  бірақ  біртекті  емес.  Қай  заманда  да 
экономикалық  саясат  қоғам  білімін  қамтамасыз  етудің  қажетті  шарты 
болған.  Осы  саладағы  ғылыми  зерттеулерді  экономикалық  қолдау 
педагогика  дамуына  үлкен  ықпал    жасаушы  факторға  айналып  отыр. 
Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы 
педагогика  саласы  дүниеге  келіп,  білім  беру  аймағын  реттестіруші 


экономикалық 
заңдылықтар 
ашылды, 
олардың 
қоғамды 
сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.  
Педагогиканың əлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе 
жатқан,  дəстүрлі.  Себебі  бұл  екеуін  де  толғандыратын  ортақ 
проблемалар:  білімді  жоспарлау;  халықтың  əртүрлі  топтары  мен 
əлеуметтік  қатарының  негізгі  даму  бағыттарын  айыра  тану;  əрқилы 
əлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен 
тəрбиесі заңдылықтарын ашу. 
Қоғам  мен  мемлекеттегі  білім  саясатының  қалыптасуы  əрдайым 
үстемдік  жүргізуші    партиялар  мен  таптардың  идеологиясы  негізінде 
түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тəрбие құралы 
ретінде  саясаттану  ғылымының  заңдылықтарына  сүйене  отырып, 
адамның  саяси  сана  субъектісі  ретінде  қалыптасуының  шарттары  мен 
механизмдерін  белгілейді,  саяси  идеялар  мен  талаптарды  игеріп, 
орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады. 
Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланыстарын  талдауға  сала 
отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған: 
– басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен   
қорытындыларының  педагогикада пайдалану; 
– 
бұл 
ғылымдарда 
қолданылатын 
зерттеу 
əдістерін 
шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу; 
–  психология,  жоғары  жүйке  қызметі  физиологиясы,  əлеуметтану 
жəне  басқа  да  ғылымдар  зерттеулерінің  нақты  нəтижелерін 
педагогикада қолдану;             
–  адамды  жан-жақты  жəне  көптарапты  зерттеуде  педагогиканың 
қатысуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет