нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында
қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын
құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға
тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық
деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды,
мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау
(моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық
əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі
эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп,
кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар
береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау
сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп,
өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық
деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден
іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау
əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен
айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |