қиыншылықтан құтылудың жолын олар əр адамның өзін-өзі
кемелдендіру əрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің
мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі
қалыптастыруға үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тəрбие, білім беру.
Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері
мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім
құндылығы мен қажеттілігі əр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие
болуынан мұғалімнің міндеті оқу, тəрбие материалын игеруде оқушыға
толық еркіндік беріп, оның ынта-ықыласы мен қызығуларына жол ашу.
Заттар мен құбылыстар мəнін ұғыну оқушы еркінде. Ал ұғу процесі
санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне орай іске
асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық
негіздемесі ретінде танылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: