эндокриндік бұзылыстар, мысалы – ергежейлілік, нəсілдік сипатқа ие.
Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін жағдаяттардың бір тобы – ата-
аналардың алкагольдік жəне нашақорлық зиянды əдеттерінен.
Нəсілдік бағдарламаның
ауыспалы бөлімі адамға тіршілік
жағдайларының өзгермелі шарттарына икемдесіп баруына көмегін
тигізеді. Нəсілдік бағдарлама жетілдіре алмаған адамның сапа-
қасиеттері өмір бойы жүріп жататын
тəрбиемен толықтырылады.
Бағдарламаның бұл бөлігін əрбір адам өз бетінше дамыта алады.
Осылайша табиғат əрбір адамға өзіндік даму жəне өзіндік жетілу
жолымен өзінің адамилық мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады.
Сонымен, тəрбие қажеттігі адамға оның табиғатынан берілген. Балалар
өз ата-аналарынан нені мұра етіп алады – ақыл əрекетіне дайын
қабілеттерді ме немесе қабілеттерді дамыту үшін қажет, мүмкін болған
нышандарды ма? Эксперименталды зерттеулерде топталған деректерді
талдау бұл сұрақтарға нақты бір жауап мүмкіндігін берді:
нəсілдіктен
өтетін қабілеттер емес, тек қана – нышандар. Əулетке өткен
нышанның кейін дамуы да мүмкін не қолайлы жағдайлар болмаса,
өшіп кетуі де ықтимал. Бəрі жағдайға байланысты: егер адамның
нəсілдік бастаулары нақты қабілетке өту мүмкіндіктеріне кез болса
жəне тұрмыс шарттары, тəрбиесі, адам мен қоғамның қажеттері
орынды үйлесім тапса, нышан қабілет деңгейінен көрінеді.
Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзінің ақыл жəне танымдық
күштерін дамыту мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шексіз рухани дамуға
қабілетті. Жоғары жүйке қызметі типтеріндегі айырмашылық ойлау
процестерінің жүрісін ғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-парасат əрекеттері
деңгейіне олардың ешқандай əсері жоқ. Солай да болса, бүкіл дүние
педагогтары нышандардың ақыл ой қабілеттерінің дамуына кедергі де
болатынын айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың
бас миындағы енжар жасушалар, нашақорларда болатын гендік
құрылым бұзылымдары, кейбір нəсілдік психикалық сырқаттар –
қабілеттердің орнығуына көп кедергі келтіреді. Шылымкеш ата-
аналардан туған балалар өкпе ауруына шалдыққыш келеді.
Ақыл-ой əрекетіне негіз –
жалпы нышандармен бірге
арнайы
нышандар да ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Белгілі іс əрекет түрінде
адамды қалыптастырудың бастауы осы арнайы нышандарда. Егер
адамға қажетті жағдайлар жасалса, арнайы нышандар ерте жастан-ақ
белгілі болады. Мұндай нышандар: əн-күй, сурет өнері, математика,
лингвистика, спорт жəне т.б. үлкен маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: